11 Қаңтар, 2017

21-22 қаңтарда ОПЕК+ комитетінің отырысы өтеді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-22 қаңтарда Австрия астанасы Венада ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің жүзеге асырылу барысын бақылау мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында құрылған комитеттің отырысы өтеді, деп жазады investing басылымы. Комитет құрамына бес мемлекет кіреді. Олар: ОПЕК атынан Алжир, Венесуэла мен Кувейт және ОПЕК-ке кірмейтін мұнай экспорттаушы елдер атынан Ресей мен Оман. Аталған бес мемлекет 2017 жылы ОПЕК ұйымына төрағалық етеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 10 желтоқсан күні ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы шешім қабылдаған еді. Осы орайда, Қазақстанның тәулігіне 20 мың баррель азайтуы тиіс. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан қазірде аталған көрсеткішті азайтып, өз міндеттемесін орындап отыр.