11 Қаңтар, 2017

Ұлттық арнада бірқатар бағдарламалар жабылады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан» телерадио корпорациясына 2017 жылға екi үлкен өзгерiс енгiзіледі, деп жазды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Фейсбуктағы парақшасында. Оның айтуынша, «Қазақстан» телеарнасында көрерменнiң көңiлiнен шықпаған бірқатар бағдарлама жабылады. «Бiрiншiсi, 2016 жылдың қорытындысы бойынша бiрнеше бағдарламаларды тоқтақтық. Олардың қатарында «Агробизнес», «Жан жылуы», «Табыс сыры», «Бiлгiрлер бәйгесi». Өкiнiшке орай, бұл бағдарламалар көрерменнiң көңiлiнен шықпады, концепциясында, сапасында өзгертудi талап етедi. Осылай тоқсан сайын ұлттық арнаның бағдардамаларын iрiктеп тұрамыз. Шамалысын тоқтатып, орнына тәжiрибелi әрiптестердi шақырып сол тақырыпта жаңа концепциямен жобалар жасаймыз», – деді басқарма төрағасы. Сонымен қатар, алдағы уақытта корпорация қоғаммен байланысты жақсартпақ. «Екiншi өзгерiс - қоғаммен қарым-қатынасымызды ашық түрде жүйелеп жүргiзетiн боламыз. Жаңа жобалар жасар кезде, нарықтағы тәжiрибелi продакшн компаниялардың барлығын шақырып, ережелерiн алдын ала белгiлеп, солардың арасында сайыс жәриялап тұрамыз. Осы тұрғыда жоғарыда айтылғандай тоқтатылған бағдарламалардың орнына жаңа телевизиялық жобаларға байқау жариялаймыз. Телебағдарламалар дайындайтын компанияларды әріптестікке шақырамыз», – деді Кемелбек Ойшыбаев. «Қазақстан» ұлттық арнасында шығатын жаңа креативті бастамаға негізделген бағдарламалар таңдалады. Осы бағыттағы ұсыныстар бойынша телеарна аграрлық, шағын және орта бизнеске қатысты, сонымен қатар әлеуметтік және көңіл көтерерлік тақырыптарға байланысты презентация немесе бейнероликтерді осы жылдың 20 қаңтарына шейін қабылдайды.