Орталық коммуникция қызметінде мүгедек адамдарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының президенті Любовь Худова мен «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамы бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Оторбаев қатысты.
Жиында Л.Худова кеше Денсаулық сауқтау және әлуеметтік даму министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Заңды тұлғалар бірлестігі мүгедек адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын атап өтті.
«Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының Заңды тұлғалар бірлестігі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Adaptive Clothing and Shoes» атты жобаны асыруға кірісті», - деді Л.Худова.
Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы киімдердің жаппай өндіру тәжірибесі Қазақстанда болған емес.
«Мүгедек арба пайдалануға мәжбүр жандар, церебральды сал ауруға шалдыққан балалар, Даун синдромына, ампутацияға шалдыған, бойы аласа, соқыр және көру қабілеті төмен адамдар, бастарынан радикалды мастэктомия өткен әйлдер, сондай-ақ қарт және уақытша қозғала алмайтын адамдар арнайы құрастырылған киімге мұқтаж», – деді Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығының президенті.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демисезонды коллекция жұмсақ, эластикалы тоқыма матадан жасалған, бұйымдар жайлы, еркін қозғалуға қолайлы. Мүгедектің өзі немесе күтішу персоналға жеңіл киіндіру үшін бұйымдарда арнайы детальдар мен функционалдық түйшіктер қарастырылған. Бұйымдар ұлттық ою-өрнек, гүлдер, аң бейнеленген кестелермен безендірілген.
Меморандум шеңберінде, сондай-ақ, кеңестер, семинар, алқалы жиналыстар, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу қарастырылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киімдерді құрастырудан дизайнерлер арасында конкурс өткізіледі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»