11 Қаңтар, 2017

Былтыр Қызылорда облысында 20 мың сәби дүниеге келді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысында былтырғы жылы 5724 шаңырақ көтерілген. Алайда оның 1863-нің некесі бұзылып үлгіріпті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат. Департамент басшысының айтуынша, есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың АХАТ саласы барлығы 33715 азаматтық хал актілерін тіркеп, 25 млн теңгеден астам баж салығы өндірілген. Жалпы облыс бойынша 20098 сәби дүниеге келген. Кәсіпкерлік қызметпен тиісті қайта тіркелусіз қызмет атқарғаны үшін 5 заңды тұлғаға ҚР «Әкімшіліқ бұзушылық туралы» Кодексінің талаптары бойынша әкімшілік іс қозғап, айыппұлдың жалпы сомасы 148110 теңгені құрады. «Департамент тарапынан 9689 алимент төлемі өндіріліп, бүгінде 1243 атқарушылық өндірісі аяқталды. Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 378 ұсыныс жолданып, 268 борышкерге айыппұл салынған», - дейді департамент басшысы.