11 Қаңтар, 2017

Алматы мектептеріне қосымша сабақтар енгізілуі мүмкін

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдары бағдарламаны толық игеру үшін өзгерістер енгізеді. Қосымша сабақтар болады. Мектеп директорлары сабақтар кестесіне қосымша сабақтар енгізу бойынша тапсырма береді", - деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысының орынбасары Ләззат Жылқайдарова баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, ол мектеп оқушылары Универсиадаға бару-бармауды өз еркімен шешетінін айтты. Ал осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі алматылық оқушыларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланатынын хабарлаған болатынбыз.