11 Қаңтар, 2017

Түркіменстан мұнай өндіру үшін инвестор іздейді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түрікменстан Каспий теңізіндегі «Деміргазык Готурдепе» мұнай кенішін игеру үшін инвестор іздестіреді, деп хабарлайды centralasian.org. Түрікменстан вице-премьері Ягшигелді Какаевтың айтуынша, кен орнында бай мұнай қоры бары анықталған соң, «Түрікменмұнай» мемлекеттік концерні кенішті игеру жоспарын дайындаған. «Мұнай кенін шетел инвестициясының көмегімен игеруді алдын ала зерттеу аяқталды», - деді ол. Үкімет мәліметі бойынша, кенішті игерудің алғашқы кезеңінде шамамен 600 миллион доллар қажет болады. Шетел инвесторларын тарту мақсатында шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрылады. Жеті жылдың ішінде мұнай кенінен 6 миллион 856 мың тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. Жобаға сәйкес, жұмыстың 90 пайызын жергілікті мамандар атқарады деп жоспарлануда.