12 Қаңтар, 2017

Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі - Демьяненко

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстандағы Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен мексикалық әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. "Менің ойымша бұл жай сөз ғана. Мен Қанат Исламның мексикалық боксшымен қарсылас болады дегенді ешқандай жерден көрмедім. Алайда ел арасында сондай сөздер жүріп жатыр. Соған қарағанда бір негіз болуы мүмкін. Жекпе-жек қазір бола қоймас, бірақ соған алып келе жатыр. Мұның өзі де жақсы", - деді Виктор Демьяненко. Бокс маманының айтуынша, жекпе-жекте боксшының дайындығы мен денсаулығы шешуші рөл атқарады. "Егер дәл ертең Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі деп айта аламын. Себебі кешегі Қанат Исламның жекпе-жегін қараңыз. Ол ауырғандықтан, жаттығу жасаған жоқ. Оның қолғаптары дұрыс болмады деген жәй бос сөз. Соңғы жекпе-жегі туралы сөз етіп те қажеті жоқ. Ол қайтып жеңеді? Оның соққысы жойқын емес.  Оның кәсіби бокста не кәсіби шеберлігі не тәжірибиесі жоқ", - деді ол. Ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Ол Vesti.kz сайтына берген сұхбатында мұндай жекпе-жектің өтуі мүмкін емес екенін айтып отыр. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит. Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген болатын.