12 Қаңтар, 2017

Көне қала үстіндегі үйлер бұзыла ма?

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2720_okoШымкенттің ортасында ескі қорған бар. Қазба жұмыстарын бастаған археологтар Шымқаланың тарихы екі мыңжылдықта жатқандығын айтып, жұрттың құлағын бір көтеріп тастады. Жел сөз емес, табылған көне жәдігерлердің сипатына, қолданылған уақыттарына ғылыми сараптама жасап, осындай қорытындыға келген. Көне қала айналасы құрылыс материалдары сияқты өнімдерді сатуға айналған базар болғалы қашан. Егделер болмаса, кейінгілер уақытын біле бермейді. Базар бір бөлек, қала ортасын­дағы биік төбе қызықтырған біреу­лер сауда орындары мен үй салу үшін де жер телімдерін ал­ған. Ық­пал­­дылары әкімдікке билі­гін өткі­зіп жүріп, жерлерін заңдас­ты­рып үлгеріпті. Қалаға көшіп кел­гені­мен, үй-күйі жоқ қолы қыс­қалар әр саңлаудан лашық тұрғы­зып алған еді. Археологтар дабыл көтергенге дейін ежелгі қала орнына қырықшақты үй түсіп қойыпты. Қала әкімдігі бұл үйлердің жақын арада сүрілетінін айтқалы, осындағы жұрттың мазасы кетті. Тіршіліктің тауқыметін көпбалалы аналар мен зейнеткерлер көрейін деп тұр. Өйткені, құжаттарын ресімдеп алғандар болмаса, қалғаны түксіз қалуы мүмкін. Тұрғындармен сөйлес­тік. Көне қала үстіне үй салудың қи­сын­сыздығын өздері де біледі. Бірақ, амалдары болмаған. Әзірге, тоғыз үй сүріледі деп күтілуде. Алай­да, ба­рар жер, басар тауы жоқ қолы қыс­­қа от­ба­­сы­­лар қыстың көзі қырау­да ба­ла-ш­аға­сын шұбыртып қайда бармақ?! Қала әкімдігі олардың жағдайы­на түсіністікпен қарап отыр. «Бұл мәселе шешімін тапқанша баспананы сүру немесе мәжбүрлі түрде көшіру жүргізілмейді. Жұрт далада қалмайды. Біз әлеуметтік тұрақсыз­дықты болдырмауға тырысамыз», – дейді Шымкент қала­лық жер қатынастары бөлі­мі басшысының орынбасары Нари­ман Қасымбеков. Болашақта ежелгі қала орнын­дағы 42 үй бұзылады. Мәселе, мұны­­­мен бітпек емес. Облыс әкімі Жан­сейіт Түймебаев археологиялық қазба жүретін қала етегіндегі базар иелерімен сөйлесіп, құрылыс орнын басқа жаққа көшіруді ұсынған. Көпшілігі қолдау білдіріпті. Ондай жағдайда екі мыңжылдық тарихы бар ежелгі қала туристер орталы­ғы­на айналады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»  Оңтүстік Қазақстан облысы