12 Қаңтар, 2017

Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
yeleusinov Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады. Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Екі спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады. yeleusinov 1