12 Қаңтар, 2017

Құрылысы жүріп жатқан ең ірі мегажобалар

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Businessinsider басылымы қазір салынып жатқан әлем бойынша ең ірі мегажобалардың тізімін ұсынады. 1. Халықарылық ғарыш станциясы – $150 млрд (2010 жылғы мәлімет) Адамзат тарихындағы ең қымбат жоба. 2020 жылға қарай жобаның құны 1 трлн долларға жететіні айтылуда. 2. Әл-Мактум халықаралық әуежайы – $82 млрд Дубайда салынып жатқан әуежай 2018 жылы дайын болады. Бұл әуежай әлемдегі ең ірі әуежай болмақ, деп жазады басылым. 3. Оңтүстік-Солтүстік су ағыны жобасы – $78 млрд (2014 жылғы мәлімет) Қытайда салынып жатқан бұл нысан Янцызы өзенінен елдің ірі қалаларына су арналарын тартпақ. 4. Калифорниядағы жедел темір жол жобасы – $70 млрд Аса жоғары жылдамдықпен жүретін темір жол қатынасы Сан-Франциско мен Лос-Анжелесті байланыстырады. 5. Дубайланд – $64 млрд Тақырыптық мегасаябақ 2025 жылы ашылады. Онда әлемдегі ең ірі қонақүй салынып, ондағы бөлмелер саны 6500-ге жетеді деген жорамал бар. Сонымен қатар онда спорт нысандары мен ірі сауда орны орналаспақ. 6. Лондон метросы – $23 млрд Жаңадан 40 станция қосылатын метро 42 шақырымға ұлғая түспек. Жоба 2020 жылы аяқталады. 7. Бейжің халықаралық әуежайы – $13 млрд 2025 жылы ашылатын әуежайда 7 ұшу-қону алаңы болса, оның терминалы әлемдегі ең үлкен болмақ. 8. Джубейл II – $11 млрд Сауд Арабиясындағы Джубейл индустриялық қаласы құрылысының екінші кезеңі қалаға тағы 100 индустриялық аймақ қоспақ. 9. Гон-Конг-Жухай-Макао көпірі – $10.6 млрд Бірнеше көпір мен су асты тоннелі Қытайдың теңіз жағасындағы үш ірі қаласын байланыстырады. Алдын ала дерек бойынша, 2021 жылы ашылатын көпірдің жалпы ұзындығы 51 шақырымға жетпек.