12 Қаңтар, 2017

ЭКСПО кезінде Астанаға 158 мың тонна азық-түлік әкелінеді

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. «ЭКСПО көрмесі қарсаңында қала әкімдігі өзге аймақтармен жеткізілетін өнімдердің көлемі бойынша келісімге келді. Облыстардың мәліметінше, қалаға 158 064 тонна азық-түлік жеткізілмек. Ол көліктерді қабылдау үшін екі арнайы алаң белгіленді», - делінген хабарламада. «Қазіргі кезде көрмені өткізу кезінде логистиканы ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Тауардың белгілі бір қоры, сақтау мәселесі де қаралуда», - деді қала әкімі. Мұнымен қоса, Астанада жұмыс істеп тұрған қуаттылығы 8 000 тонналық көкөніс сақтау орны базасында, «Алтай» КЛО және Continental Logistics ЖШС-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ қатысуымен 3 көтерме-тарату орталығы құрылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеуге, тауарлардың сапасын бақылауға, жеткізілімдерді есепке алуға, кепілді сатып алуға мүмкіндік береді. Бүгінде оны «АЛАЙ» көпфункционалды көліктік-логистикалық кешені ( ашық сауда алаңдары - 25 мың шаршы метр, жүк көліктерінен сауда жасауға арналған асфальт төселген алаң - 30 мың шаршы метр) базасында құру бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. «Қаланың жеткізілетін тауарларға тәуелді екенін ескерсек, инфрақұрылымды дамыту және азық-түлік өнімдерін сақтау мен шығару мәселесіне көңіл бөлу керек»- деді Исекешев. Бұдан басқа, Астанада қуаттылығы жылына 1 800 мың тоннаны құрайтын 1 жылыжай жұмыс істейді. Қуаттылығы 4850 тонна болатын тағы 2 жылыжай салынуда. Қуаттылығы жыылына 7000 тоннаны құрайтын тағы 3 нысан жобалану үстінде. Сондай-ақ жалпы сақтау көлемі 42,8 тонналық 8 көкөніс сақтау орны бар, жалпы сақтау көлемі 34,5 мың тоннаны құрайтын 9 нысан жобаланып жатыр.