12 Қаңтар, 2017

АҚШ Қытай атына ДСҰ-ға шағым түсірді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ президентінің әкімшілігі алюминий саласын субсидиялағаны үшін Қытайдың үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді, деп жазады The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап abctv.kz. Ақпаратқа сүйенсек, Вашингтон  Қытайды алюминий өндіруші ірі кәсіпорындарға  мемлекеттік банктер арқылы әдейі төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен үлкен көлемде несие берді, сондай-ақ оларға көмір және төмендетілген бағамен электр энергиясын жеткізді деп айыптамақшы. Дегенмен АҚШ-тың сайланған президенті Трамп сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында  Бейжіңмен сауда қатынасы  әкімшілік үшін басым мәселелердің бірі екенін тілге тиек еткен. Дональд Трамптың айтуынша,  АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда теңсіздігі айтарлықтай көрінеді.