12 Қаңтар, 2017

Қарағанды әкіміне «WhatsApp» арқылы сұрақ қоюға болады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров тұрғындар алдында онлайн режимде есеп бермек. Бұл туралы ekaraganda.kz порталы хабарлады.
 Қала әкімі алдын ала қойылған сұрақтардың барлығына жауап бермек. Ол үшін +7 778 623 81 76 нөміріне «WhatsApp» арқылы мәтіндік хабарлама жіберуге болады. Хабарламаға фотосурет пен бейнежазба да тіркеп жіберуге рұқсат. Ал аудиожазба ретінде жіберілген хабарламалар қарастырылмайды.
Сондай-ақ, қала тұрғындары ескертулер мен ұсыныстарын қалалық әкімдіктің, Жаңа Майқұдық мәдениет сарайының, «Молодежный» кеншілер сарайының, Теміржолшылар мәдениет сарайының және халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінші қабатына орнатылған арнайы жәшіктерге де сала алады. Қрағанды әкімі Нұрлан Ерікбайұлы қала тұрғындарының сұрақтарына 14 ақпан күні жауап береді. Тікелей көрсетілім қала әкімдігінің ресми интернет сайтында өткізіледі.