12 Қаңтар, 2017

Елеусіновтің кәсіпқойда бокстасатын салмағы белгілі болды

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
yeleusinov 2 Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингте қай салмақ дәрежесінде өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Даниярдың әкесі әрі жаттықтырушысы Марат Елеусіновтің айтуынша әзірге келіссөздер ғана жүргізілген, ал келісімшартқа ақпан айында қол қойылады. «Кәсіпқой бокста бәрі басқаша. Спортшы бір ғана кездесуге дайындалады. Бір тәулік ішінде салмағын өлшеп, қайта қалпына келу жұмыстарымен айналысады. Ал әуесқой бокста таңертеңгі уақытта бір рет өлшенсең, кешке таман жекпе-жек өтеді. Кәсіпқойдың тағы бір ерекшілігі – өлшеуден өткеннен кейін, яғни кездесудің басталуына бір-екі күн қалғанда жеті-сегіз килограмм «тастау» үшін жаттығу жұмыстарымен айналысады. Ал әуесқойда бұл мүмкін емес жағдай. Енді алда не боларын уақыт көрсетеді», – деді Даниярдың әкесі. yeleusinovter «Біз әлі нақты бір салмақ дәрежені таңдаған жоқпыз. Бірақ 66 кг дұрыс болар деп топшылап отырмыз. Мұнда спортшылар 80 килодан 69 килоға дейін салмағын азайтып жатады. Сол үшін Даниярдың үйреншікті 69 килосын таңдамаймыз деп шештік. Жаттығу кезінде ол 72 килода дайындалады», – деді Марат Елеусінов. Промоутерлік компанияны таңдауда MJA Entertainment's-ке түсті. «Келісімшарт, сондай-ақ алғашқы жекпе-жек жайлы ашып айта алмаймыз. Бәрі ресми түрде жүзеге асқаннан кейін хабарлайтын боламыз. Негізі Ресейден де, АҚШ-тан да ұсыныстар түскен. Бірақ бұл промоутерлік компания бізге тиімдірек жолдарын ұсынды», – деді ол. Дебюттік кездесуінің алдында оған өз стиліне айтарлықтай өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. «Данияр жаңа кезеңге қадам басайын деп отыр. Кәсіпқой стильге көшуі үшін америкалық жаттықтырушының қол астында жаттығады», – деді. Бәрімізге белгілі Даниярдың ағасы Дәурен де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Әкесінің айтуынша, ол да аталған промоутерлік компаниямен жұмыс істейді. dauren yeleusinov «Дәурен бұрынғы компаниямен келісімшартын бұзып, MJA Entertainment's-ке қосылды. Әрине, оның ұсынысы Даниярдікімен бірдей емес, бірақ бұрынғысынан жақсырақ. Қанша дегенмен, Данияр Олимпиада чемпионы ғой», – деді Марат Елеусінов. Бұған дейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысқандығы хабарланған. Сондай-ақ, жақын арада оның қатарына аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко да қосылуы мүмкін.