12 Қаңтар, 2017

2016 жылы ОҚО-ға тартылған инвестиция кеміген

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кентау қаласына барған іссапар соңында Ж.Түймебаевтың төрағалығымен Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық даму жағдайы бойынша мәжіліс өтті. Өзекті мәлелелер талқыланған жиында шаһар басшысы Ә.Мақұлбаев пен оның орынбасарларының есеп берді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі  шаhардағы нысандарды аралау барысында көптеген проблемалардың бар екендігіне көз жеткізгендігін айтып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы бірқатар индикаторлық көрсеткіштер орындалмай отырғандығын алға тартты. «Былтыр жоспарланған, жалпы сомасы 900 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның бірде біреуі индустрияландыру картасына енгізілмеген. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған 18 жобаның 12-і  бойынша мәселе шешілмеген. Бұл бағыттағы  жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмей отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы. Өндірісі дамыған  қалада 2015 жылмен салыстырғанда былтыр негізгі капиталға  бағытталған инвестиция көлемі 6,9 млрд. теңгеден 5,8 млрд. теңгеге кеміген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру керектігі айтылды. Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстарды жүйелеп, жетілдіру жүктелді. Қала тазалығына баса мән беру, көпқабатты үйлердің аулаларын, кіреберістерін және инфрақұрылымын реттеу кезек күттірмейтін мәселелер екені айтылды. Тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту міндеттелді.