Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша, алдағы қырық жылда адамзаттың тамаққа деген сұранысы екі есе артады. Бұған бірінші кезекте әлем бойынша халық санының өсуі және көптеген елдерде халық жағдайының жақсаруы себепкер болады. Аталған ұйымның сарапшылары осы жағдайға орай адамзаттың, әсіресе, етке деген сұранысын қанағаттандыру қиынға түсетіндігін айтып отыр. Бұл болжаммен осы мәселеде білікті басқа да халықаралық ұйымдар келісіп отыр. Мәселен, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мамандары 2050 жылға дейін-ақ адамзаттың етке деген сұранысының екі есе өсетіндігін мәлімдеген. Мамандар қазірдің өзінде Жер шарындағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 70 пайызын мал шаруашылығы жайлап отырғандығын еске сала келе келешекте ет сұранысын қамтамасыз етудің өте қиынға соғатындығын, өйткені жаңа жайылымдықтардың қалмағандығын, сондықтан алдағы уақыттары ет бағасының шарықтай өсуі мүмкін екендігін ескерткен. Осы жағдайға орай аталған ұйымның сарапшысы Хеннинг Штайнфельд ірі қараның етін «болашақтың уылдырығы» деп атаған. Бұл жерде сарапшының неге сиыр етіне екпін түсіріп отырғаны түсінікті болса керек. Өйткені сиыр етін әлемнің көптеген халықтары тұтынады. Алдағы уақытта әлемде ет тапшылығының орнауы мүмкін екендігін ескере отырып, америкалық ModernMeadow компаниясы мал еті мен табиғи теріні индустрия жолымен әзірлеудің технологиясын ойлап тапқан. Мұндай ет пен теріні әзірлеу үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен, ғалымдар мен мамандар донор малдардан миллиондаған клеткаларды бөліп алады. Олардың өзі кәдімгі малдар немесе терісі үшін жиі өлтіріліп жататын экзотикалық жануарлар болуы мүмкін. Алынған клеткалар биореакторларда көбейтіледі. Мұнан кейінгі кезеңде клеткалар бойындағы қоректік сұйықтардан ажыратылып барып, бір массаға біріктіріледі. Одан кейін 3D биопринтерінің көмегімен қабаттастырылады. Бұл біріктірілген клетка қабаттары қайтадан биореакторға орналастырылып өсіріледі. Тері клеткалары коллагенді талшықтарды қалыптастырып, ет клеткалары нағыз бұлшық ет жіпшелерін құрайтын болады. Бұл үдеріске бірнеше апта қажет. Мұнан кейін жасанды жолмен алынған бұлшық ет пен май тағам әзірлеу үшін қолданылса, ал терілерден киім, аяқкиім, сөмкелер әзірленеді. Компания мамандарының айтуынша, қазіргі табиғи жолмен мал өсіруге қарағанда 3D принтері арқылы ет өндіруге қуат көзі үш есе, су 10 есе аз жұмсалады, ауаның ластануы 20 есе азаяды. Оның үстіне, пайдаланылатын жер көлемі 100 есеге жуық қысқара түседі. Былайша айтқанда, жайылым қажет болмайды. Тек жасанды жолмен өнім алатын зауытты орнатуға ғана жер бөлінеді. Мамандардың пікірінше, мұндай жолмен ет өндіру үшін әлі талай уақыт керек. Оның үстіне, жасанды етті адамзат қалай қабылдамақ? Ол ағзаға қалай әсер ететін болады? Бұл жағы әлі белгісіз. Оның үстіне, әлемде жасанды ет пайда болған кезде табиғи жолмен алынған еттің бағасы шарықтай көтеріледі деген болжам бар. Шамасы, Хеннинг Штайнфельдтің сиыр етін «болашақтың уылдырығы» деп бағалауы да осыдан болса керек. Міне, осы болжамдар біздің Қазақстанның оң жамбасына дөп келетіндей. Бізде бос жатқан жайылымдықтар жетеді. Мал санын еселей арттырудың мүмкіндіктері бар. Оның үстіне, ет бағасы да жылдан жылға көтеріліп келеді. Мәселен, Астананың іргесіндегі «Алтын таға» мал базарында былтыр тайлар 180-200 мың теңгеге бағаланса, биыл 250 мың теңгеден кем түспей тұр. Ойлап қарасаңыз, ендігі уақыттары ет жеуге де еп қажет болатын секілді. Мемлекет соңғы жылдардан бері мал шаруашылығын дамытуға ерекше екпін түсіруде. Осы үшін субсидиялардың көптеген түрі белгіленді. Әлемде және өз еліміздің ішінде жүріп жатқан осы өзгерістердің барлығы азық-түлік саласындағы білікті халықаралық ұйымдардың ет мәселесіндегі жасап отырған болжамдарына алдын-ала дайындықтың белгісі іспетті. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Ақ шашты дәуір: қартайып бара жатқан адамзат қайтсе аман қалады?
Қоғам • Бүгін, 14:23
Елімізге шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі өзгерді
Саясат • Бүгін, 14:18
Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр
Технология • Бүгін, 14:01
Қоғам • Бүгін, 13:49
78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген
Экономика • Бүгін, 13:01
Белгілі актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
Тұлға • Бүгін, 12:50
Алматы облысында қар барысының ізі анықталды
Оқиға • Бүгін, 12:27
ҚазҰУ-дың шатырына күн панельдері орнатылды
Технология • Бүгін, 12:13
Каникул кезінде батысқазақстандық 126 бала құқық бұзған
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Михаил Кукушкин ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 11:58
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Білім • Бүгін, 11:37
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған
Оқиға • Бүгін, 11:10
Аймақтар • Бүгін, 11:00