Баспа бұқаралық ақпарат құралдары
Баспа БАҚ-тарда кандидаттардың қызметін жариялау тең жағдайда жүргізілді. Материалдардың басым бөлігі күнделікті баспа басылымдарында орналастырылған.
Материалдардың жалпы саны
|
№1 кесте |
| № Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев |
| 1 110 101 96 129 |
|
№2 кесте |
| № Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев |
| 1 44603,7 44893 43012,3 63832,7 |
Сонымен бірге, БАҚ-тардың кандидаттардың кәсіби қызметін жариялау жөніндегі материалдарын белгілеу бойынша мониторинг те жүргізіледі. Баспа БАҚ-тары мониторингінің барлық кезеңінде Н.Назарбаевтың Елбасы ретіндегі қызметін жариялау бойынша 146 материал анықталды. Басқа кандидаттар бойынша олардың кәсіби қызметі жөніндегі материалдар анықталған жоқ.
Электронды бұқаралық ақпарат құралдары
Электронды БАҚ-тар (теледидар) мониторингі аясында кандидаттардың қызметін жария ететін ақпараттық және шолу сипатындағы сюжеттердің келесідей бөлінгені анықталды:
Сюжеттердің жалпы саны
|
№3 кесте |
| № Ж.Ахметбеков М.Елеусізов Ғ.Қасымов Н.Назарбаев |
| 1 148 163 161 108 |
Сонымен бірге, «Евразия», «НТК», «Ел Арна» және «Мир» телеарналарының эфирінде кандидаттардың қызметін жария ететін бір де бір материал анықталмаған. Жалпы алғанда, телеарналар бойынша материалдар санының үлестік қатынасы келесідей: (№4 диаграмманы қараңыз).
№4 диаграмма
Республикалық телеарналар эфирінің жаңалықтар блогы аясында кандидаттардың қызметін жария ету уақытының ұзақтығы №5 диаграммада келтірілген.
№5 диаграмма
Сондай-ақ электронды БАҚ-тар мониторингі аясында кандидаттардың кәсіби қызметіне арналған 88 сюжет анықталған, соның ішінде Н.Назарбаев бойынша – 87 сюжет, Ғ.Қасымов бойынша – 1 сюжет. Басқа кандидаттардың кәсіби қызметі туралы сюжеттер анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.