18 Қаңтар, 2017

Аға буынның айтары көп

703 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Батыр­лар жырын»Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында қиын кезеңдерде қайыспаған, елді ұйыстыра ұстап, жоқтан бар жасаған, бүгінгі жарқын күнге жеткізген үлкендердің ерен еңбегін жас буынның әрдайым бағалауы керек екенін айрықша атап өткен еді. Жас ұрпақ аға буынның қажымас қайраты, ұйқысыз түндері мен күлкісіз күндері, төгілген маңдай тері арқылы бүгінгі мамыражай күнге жеткенімізді сезініп өсуі тиіс. Сонда ғана барғақұрмет, үлкенге ізеттілік қалыптасады. Жасы үлкенді сыйлау – қазақ бала­сы­ның қанында бар қасиет. Ауылы­мыздағы еңбек арда­гер­лерін, қазыналы қарттар­ды, көр­гені көп, айтары бар ақ жау­лықты әжелерді, көп балалы ана­лар­ды мектеп оқу­шы­­лары ара­сына жиі тартамыз. Түр­лі тәрбие сағат­тарында жақсы адам­дардың өмірі­нен мысалдар келтіре отырып, ол адамның өмір жолы, шыңдалу мектебі, ел мен жерге сіңірген ең­бегі мен оның нәтиж­есі туралы оқу­шыларға ег­жей-тегжейлі тү­сін­діремін, таныс­тыра­мын. Ар­да­гер еңбегін ел-жермен, қоғам өмірі­мен байланыстыра түсін­дір­сең, оқу­шы жүрегіне жол табу қиын емес – ша­радан соң оқушы­лар­дың кейіп­кер­ді көрсем деген ние­тін аң­ғарасың немесе қандай да бір ерек­ше сезім, құрмет-ықылас байқалады. Жалпы, жас ұрпақты, оқушы­ларды үлкендерді, барша ха­лық­ты, қор­шаған ортаны сыйлау­ға, құр­­мет­теуге тәрбиелей білуіміз керек. Бала жаны өте нәзік, оның иі­р­ім­деріне жол тауып, қажеттілікке қарай бағыттап оты­рса, нәтижеге қол жеткізуге бо­ла­­ды. Ол үшін мек­теп­те тәрбие сағат­­тары­мен бірге кез­­десу кештері ұйым­­дас­тыры­лып, ардагерлер өне­гелі еңбек жол­дары туралы өз­дері айтып бере­ді. Оқу­шылар сұрақ қойып, тәрбие­лік мәні зор әңгі­меге араласа­ды. Пікір­сайыс пен дөң­ге­лек үстел ұйымдас­тыру, өз отба­сын­­дағы үлкен кісі­лер­ге қалай құрмет көрсетіп жүр­ген­дігін сұрап, орта­ға салу сын­ды тәжірибелерді қол­да­нып келе­мін. Кейбір оқушылар тара­пынан отбасындағы қарт ата-әже­сіне «Батыр­лар жырын» немесе мерзімді бас­па­сөз бет­терінд­егі тағы­лымды-тұшым­ды материал­дарды оқып бере­тін­дігін анықтап, оны өзгелерге қол­дануға кеңес бер­­дік. Бұл бір жағы, ата-әже үшін қажет­тілік болса, екіншіден, оқу­шы­лардың халқы­мыздың төл өнерімен сусындауына, өз дүние­таны­мын кеңейтуіне және ұлттық рухани құн­дылықтарымызды қадірлеп, бойына сіңіріп өсуіне зор мүмкіндік. Білім ордасында аналар, әже­лер мек­тебі жұмыс жасайды. Бұл мек­теп­­тердің оқушылармен бірге, ауыл­дағы жас аналарға, қыз-келін­шек­­тер­ге берер тәлім-тәрбиесі мол. Өмір­­ден көрген-түйгені көп, қиын кез­­де ты­ғы­рықтан шығар жол таба біле­­тін ана­лар бала тәр­бие­­­сі­не, келін ізе­т­ті­л­і­гі­не, ер-аза­мат­ты күту, баға­лау, қо­нақ күту, аға­йын­мен араласу, хал­­қы­­­мыз­ға тән салт-дәс­­түр­лерді ұс­­­тану, өзге де отба­сы­лық құн­ды­лық­­­­­тар­­­ға қа­т­ыс­ты ақыл-кеңес­терін аямай­ды. Мектепте үлкенді сыйлауға қатысты тәрбиенің жолы да, мүм­кіндігі де көп. Оны түрлендіріп, дамы­та қолдану ұстаздың ізденісі­не байланысты. Бала тәрбиесі – тек мұғалімнің жұмысы ғана емес, отбасының да міндеті. Сондықтан, мектепте алған білімі мен тәрбиесі әрбір отбасы, ошақ қасында жал­ғасуы керек деп ойлаймын. Гүлдана БАЙЖАН, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның жоғары санатты мұғалімі Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы