19 Қаңтар, 2017

Әлем бойынша мұнай мен газ барлау 70 жылдық минимумға азайды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мұнай бағасының төмендеуі әлем бойынша ірі мұнай компанияларының шығындарын азайтуына себеп болды. Нәтижесінде барлау жұмыстары тоқырап, 2016 жылы соңғы 70 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. Бұл туралы investing басылымы жазады. Демек, Exxon Mobil, Shell секілді компаниялар сарқылған кен орындарының орнын толтыратын жерлерді табуда қиындыққа ұшырап, 2020 жылға қарай әлемде қара алтын тапшылығы белең  алады деген сөз. Барланған мұнай мен газ қоры 2016 жылы 6 млрд баррельден сәл асты, деді норвегиялық Rystad Energy консалтингтік компаниясының аға сарапшысы Сона Млада. Бұл тұрғыда биыл нарықта ұсыныстың көптігін тудырған Солтүстік Америкадағы тақтатас мұнай қоры да статистикада ескерілді. 2016 жылы ірі кен орындарындағы соңғы он жылда ашылған сұйық көмірсутек қоры 2010 жылғымен салыстырғанда 90 пайызға азайған. "2016 жылы мұнай кен орындарын барлау жұмыстарының азаюы қысқамерзімді кезеңде шикізат бағасына әсер етпегенімен, ұзақмерзімді болашақта бұл өз әсерін тигізетін болады", - дейді аға сарапшы. Оның айтуынша, нарықтағы тапшылық шамамен он жылдан кейін нақты көріне бастайды. Дегенмен, кей компаниялар осы уақытта да жаңа кен орындарын таба білген. Exxon компаниясы таяуда Гайан кен орнында 100-150 млн баррель мұнай қорын тапса, норвегиялық Statoil 80 млн баррель мұнай қоры бар жаңа кен орнын ашты. Жалпы, 2016 жылы әлемдік мұнай компаниялары салаға құятын инвестициясын 40 млрд долларға азайтқан.