Елімізде осымен үшінші жыл қатарынан студенттер арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізіліп келеді. Биылғы білім сайысына 20 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.
Бұл олимпиада – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында С.Демирел атындағы қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылды. Еліміздің әр өңірінен келген болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің мамандары екі күн бойы білім жарыстырды.
Олимпиадаға қатысқан 20 жоғары оқу орнының ішінен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті озық шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командалары иеленді. Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттерінің командалары да жеткен жетістіктері үшін түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Жекелеген студенттер арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Мейрамбек Таубалдиев мүмкін болған 100 баллдан 68,7 ұпай жинап, үздік шықты. Екінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Жанболат Шәкімов пен Жазира Қалықова, үшінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Нағима Сейілханова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Нұржанат Оразханқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Әсел Жайсаңбаева иеленді.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
• 26 Наурыз, 2011
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандары білім жарыстырды

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше