26 Наурыз, 2011

«Театр көктемі-2011» фестивалі сахна саңлағы Ыдырыс НОҒАЙБАЕВҚА арналды

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті «Театр көктемі – 2011» фестивалін биыл КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ыдырыс Ноғайбаевтың 80 жылдығына арнамақ. Жыл сайын Наурыз мерекесі мен 27 наурыз халықаралық театр кү­ніне орай ұйым­дасты­рылатын, жаңа қойы­лым­дар фестивалі осы­мен 12 рет өткелі отыр. Бұл шара – театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар сая­­­сатындағы өзіндік ізденістер мен драматургия, режиссура, актер өнеріне шабыт беріп, олардың жаңа қырынан танылуына мүмкіндік береді», – дейді театр директоры Есмұхан Обаев. Сонымен қатар, ол биылғы шарада актерлік шеберлікке аса мән берілетіндігін және 5 аталым бо­йынша марапаттау рәсімі өтетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, мәдениетке қолдау көрсетіп, театр жа­йында үнемі жазып жүрген журналистер де ма­рапат­қа ілінетіндігін жеткізген. – Биыл Ы.Ноғайбаевтың ту­ғанына 80 жыл толады. Сол мерейлі тойдың бет­ашарын осы фестивальмен бастап, күзге қарай театры­мызда  өткізбекпіз. Ол кісі қазақ киносын, Әуезов театрын әлем­дік деңгейде таныт­қан көрнекті актер, деді журналистерге бер­ген сұх­­батында. Сонымен жаңа қо­­йылымдарды са­рап­­қа салып, театр­дың бү­гінгі бағыт-бағ­­дарын анықтауға, репертуар саясатын­дағы өзіндік ізденістерге, драматургия, ак­тер­лік өнер­дің бүгіні мен ертеңін зерделеуге септесетін «Театр көк­те­мі-2011» фестивалі де басталып кетті. 28 наурызға дейін өтетін фестиваль репер­туа­рында М.Әуезовтің «Абай» (реж. Е.Обаев) мен «Еңлік-Кебек» трагедиясы (реж.Хұсейін Әмір-Темір), Н.Гогольдің «Үйлену» (реж. В.Захаров), Ә.Рахимовтың авторы да, режиссері де өзі  «Қылмыскерге куәлік», Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» (реж. М.Ахманов) комедиялары бар. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.