Валюта нарығындағы соңғы кездегі ахуал жұртшылықты күнделікті ауа райы немесе баға динамикасы туралы мәселеден кем толғандырмайды. Қолма-қол шетел валютасына сұранысты қандай факторлар айқындайды, қандай әлемдік валюталар нарықта белсенді қолданыста, олардың таза сатылуы қандай. Бұл мәселелер – Ұлттық Банктің құзыретіне жатады. Біз оларды бүгін ҚР ҰБ Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Наталья ДЮГАЙМЕН талқылаймыз.
Әр маусым өз алдына
– Наталья Николаевна, халықтың доллар сатып алуды артық көретіні баршаға мәлім. Долларға сұраныс маусымға байланысты ауытқып тұра ма және оның нарықтағы үлесі қандай?
– Доллар, сөз жоқ, сатылатын басқа валюталардың ішінде басымдыққа ие. Өткен жылы қолма-қол шетел валютасын таза сатудың ай сайынғы өсімі 30-150 млн. долларды құрады, мұндағы доллардың үлесі – 80%.
Республикада қолма-қол валютаға сұраныстың әр кезде де сақталып келгендігін атап айту қажет. Мұны 1997-2010 жылдар аралығындағы кезеңде қолма-қол шетел валютасына сұраныстың маусымдық сипатын көрсеткен таза сату көлеміне жасалған талдау растайды. Бұл ретте, әр жылдың бірінші тоқсанынан бастап айырбастау пункттерінің жыл аяғында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізе отырып, шетел валюталарын таза сатуы тоқсан сайын өсіп отырады. 2007 және 2009 жылдар ерекшеленеді. Бұл ең алдымен жыл аяғына қарай тауарлар импортының өсуіне, шетелге сапарлар санының ұлғаюына, сондай-ақ жеке тұлғалардың бір бөлігін жинақ мақсатында шетел валютасын сатып алуға жіберілетін қосымша кіріс алуымен тікелей байланысты.
– 2007 және 2009 жылдарда бұл үрдіске не әсер етті?
– Бұл кезеңдер валютаға сұраныстың өсуіне себепші болған 2007 жылғы тамыздағы, 2009 жылғы қаңтардағы және шілдедегі экономикада болған әлі ұмытыла қоймаған оқиғалардың салдарынан маусымдылықтың жалпы динамикасына «сыймайды». Республиканың валюта нарығының бүкіл даму тарихындағы тоқсандық таза сұраныстың шыңы негізінен тамыздағы дүрбелеңді сұранысқа байланысты 2007 ж. 3-тоқсанда байқалды. Халықтың осы айдағы таза сатып алуы республикаға әкелінген шетел валютасын декларациялауға байланысты уақытша проблемалар себебінен 1,8 млрд. долларға жуық құрады (1-сурет).
2009 ж. 1 және 3-тоқсандарының басында халықтың осы тоқсандарда алдыңғы кезеңдегіге қарағанда неғұрлым жоғары таза сатып алуларына себепші болған айқын девальвациялық күтулер орын алды.
Айырбастау пункттерінің жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сатуы/сатып алуы бойынша деректерді талдау 1997-2010 жж. қолма-қол шетел валютасын таза сатудың динамикасы дүрбелеңді сұранысқа себепші болған ең жоғары көрсеткішті кезеңдерді қоспағанда, жыл сайынғы тұрақты экспоненциалды өсу үрдісіне ие болғандығын көрсетті.
Трендтер және ең жоғары көрсеткіштер
– Жаңа девальвацияны күту бір жағынан, ал екінші жағынан мұнайдың және қазақстандық экспорттың басқа тауарлары бағасының қайта өсуіне байланысты валюталық түсімдер көлемінің өсуі кезінде өткен екі жылдағы сату динамикасы қандай болды?
– 2010 жылы қолма-қол валютаны таза сату динамикасы айырбастау пункттерінің жыл сайынғы жалпы сату картинасына сәйкес келеді және тұтастай алғанда алдыңғы кезеңдерден айырмашылығы жоқ. Осы жылдың 3-тоқсандағыны қоспағанда, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда көлемі бойынша 2007 жылғыдан кейінгі екінші секіріс байқалды. Бұл өсу қазанда да жалғасты, бұл ретте қыркүйекпен салыстырғанда таза сату 100 млн. долларға өсті және 1 239 млн. долларды құрады.
2009 жылғы қазанда қыркүйектегімен салыстырғанда таза сату 68 млн. долларға азайды. Бұл доллардың 2009 ж. қарашада өз шыңына жеткен әлемдік нарықтардағы әлсіреуімен түсіндіріледі. Осы кезеңде мұнайдың әлемдік бағасы өсті, бұл валюта ағынына себепші болды, соның салдарынан теңгенің нығаюына да алғышарттар жасалды. Резервтік валюта ретінде доллардың позициясының жойылуына қатысты жарыссөздер күшейді және осындай жағдайларда қазан – қараша айлары үшін дәстүрлі болып табылатын транзакциялық сұраныстың орны 2009 жылы бұған дейін, дүрбелеңді сатып алу кезеңінде жинақталған жинақ ақша есебінен жабылғанын жоққа шығаруға болмайды. Нәтижесінде 2009 жылғы қарашада айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын жиынтық таза сату көлемі небәрі 470 млн. долларды құрады, бұл ретте 2005-2008 жылдары осы айларда таза сату көлемі кемінде екі есе жоғары болды. Яғни 940 млн.доллардан төмен емес. Бірақ 2009 жылғы желтоқсанда қолма-қол шетел валютасын таза сату 1 млрд.долларға жуық өсті.
2009 жылғы 4-тоқсанда нарыққа қатысушылардың іс-әрекеті негізінен транзакциялық сұранысқа қарағанда, валюталар бағамына қатысты күтулермен айқындалу фактісін биржадағы және банкаралық сегменттегі банктердің АҚШ долларымен операциялары туралы ақпарат растайды. 2009 ж. қарашада банктер алдыңғы айларда Ұлттық Банктен тұрақты сатып алған долларға жоламады: банктердің осы кезеңде биржадағы таза сатуы 2,8 млрд.долларға жетті. Сондай-ақ резидент емес банктердің банктер арасындағы таза сатуы 2009 жыл үшін қарашада ең жоғары көрсеткішке – 622 млн. АҚШ долларына жетіп, айтарлықтай өсті. Алайда, 2010 жылғы екінші жартыжылдықтағы деректер, 2009 жылдағыға қарағанда банктердің нарықтың неғұрлым хабардар және кәсіби қатысушылары ретінде валюталар девальвациясына/ревальвациясына қатысты қандай да болсын тұрақты күтулердің болуы туралы болжауларына негіз болмайды.
Осылайша, 2009 жылғы 4-тоқсан және сол жыл бойына, 2010 жылдың трендтерін талдау үшін бағамдық күтулер соншалықты айқын болып табылмайтын аса сәйкес келмейтін салыстырмалы база болып табылуы ықтимал. Сонымен қатар қолма-қол шетел валютасына сұраныстың өсуіне себепші болатын жекелеген жаңа факторлар туындады. Осыған байланысты, 2009 жылғы осындай тоқсандардағы және айлардағы көлемдермен салыстырғанда 2010 жылы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын факторларға ден қойған неғұрлым орынды болып табылады.
Ықпал ету факторлары
– Сұранысқа ықпал етудің қандай факторлары туралы сөз болып отыр?
– Халық тарапынан өткен жылы қолма-қол валютаға деген сұранысқа ықпал етудің бірнеше негізгі факторларын атап өткім келеді. Біріншіден, мен халықтың кірісі деңгейінің өсуін айтқым келеді. Екінші объективтік фактор – Кеден одағының жұмыс істеуінің басталуы және оған байланысты кедендік заңнаманың автомобильдердің импорты және «сұр» импорт үшін жеңілдік режімін жоюға қатысты өзгерістер. Сондай-ақ халықтың елден тыс сапарларға шығуы саны өсуінің ықпалы елеулі болды. Тағы бір жағдай –жылжымайтын мүлік нарығындағы қозғалыстың жандануы. ТМД-ның кейбір елдерінде 2010 жылғы қыркүйек-желтоқсанда қолма-қол долларды сатудың өсуін, сондай-ақ 2010 жылғы қарашаға жақын негізгі валютаның көпшілігіне қарағанда доллардың нығаюын естен шығармау қажет.
– Халық кірісі деңгейінің өсуі тұтастай алғанда валюталық нарыққа қалай әсер ететіндігін цифрмен көрсетуге бола ма?
– 1997 жылдан бастап халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай кірісі 12 есе өсті. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай кірісі 2010 жылғы қарашада 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13%-ға ұлғайып, 38 689 теңге болды, нақты ақшалай кірістер (яғни инфляцияны ескере отырып) 4,6%-ға өсті.
Талдау 2005-2008 жылдары ақшалай кірістердің өсуі кредиттер мен заемдар, оның ішінде ипотекалық кредиттер және автокредиттер түріндегі валютаны сатып алуға арналған қосымша ресурстарға байланысты қолма-қол шетел валютасын нетто-сатудың анағұрлым жылдам өсуімен өзара байланысты.
Аймақтық бөлуде кірістердің елеулі деңгейі Астана және Алматы қалаларына, ал ең төмен кірістер Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Ресеймен шектес аймақтар және басқа аймақтар орта республикалық деңгейде тұр. 2003 жылдан бастап барлық аймақтар бойынша айырбастау пункттерінің долларды нетто-сатуы бойынша деректермен расталған кірістердің ұлғаюы байқалды. Аймақ бойынша 2010 жылғы желтоқсанда анағұрлым таза сатулар Алматыда (554 млн. доллар), ОҚО (105 млн. доллар), Астанада (104 млн. доллар) байқалды. Алматы және Астанада транзакциялық сұраныспен қатар, біздің ойымызша алыпсатарлық сұраныс бар.
Ресеймен шекаралас аумақтың үлесі валютаны сатудың жалпы сомасында – 23%. Шекаралас аумақтарда ақшалай кірістер жоғары емес, бірақ қолма-қол шетел валютасына деген жоғары сұраныс транзакциялық мұқтаждықпен түсіндіріледі. ОҚО-да халық кірісінің төмен деңгейіне қарамастан, жоғары нетто-сатулар бұл аймақтың халқының жоғары санымен, сонымен қатар көрші Қырғызстан мен Өзбекстаннан резидент еместер тарапынан сұраныстың болуымен түсіндірілетіндігін атап өткен жөн.
Халық кірісі деңгейінің өсуі сатып алу қабілеттілігіне, тұтыну көлемінің өсуіне, жинақ ақшаға әсер етеді. Импортталатын тауарларды жеткізушілердің тарапынан үнемі сұраныстың болуы сондай-ақ шетел валютасының, басым түрде АҚШ долларының қатар айналыста болуымен қолдау табады.
Таза сату мен халық кірісінің динамикасын салыстыру 2005 жылдан бастап халық арасында бос қаражаттың белгілі бір бөлігін шоғырландыруға қабілетті «жіктің» пайда болғандығына негіз болып отыр. Бұл тек қолма-қол шетел валютасын сапалы жинақтауда ғана емес, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуларынан пайда алу мақсатында болғандығы көрініп отыр, бұл құбылыс 2009 жылдың белгілі бір кезеңдерінде анық көрінді.
Кеден одағының жұмыс істеуі
– Кеден одағының қызметі қолма-қол шетел валютасын таза сату көлеміне қалайша әсер етті?
– 2010 жылы жазда автомобиль нарығы біршама жанданумен сипатталды, бұл Кеден одағына кірмейтін үшінші елдермен сауда жасауда бірыңғай кедендік тарифтерге көшумен байланысты автомобильдердің импортына кедендік баждардың өсуін күтумен байланысты болды.
Алайда, жеке пайдалануға арналған автомашиналарды Кеден одағының басқа елдеріндегі ставкалардан төмен ставка бойынша импорттау мүмкіндігін жасау мақсатында Үкімет Қазақстанға әкелінетін автомашиналарға 2011 жылғы 1 шілдеге дейін баждарды уақытша төмендету туралы шешім қабылдады. «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 682 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР-да жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерді әкелуіне импорттық кедендік баждарды және қозғалтқыш жұмыс көлемінің бір текше сантиметрі үшін 0,35-дан 0,6 еуроға дейін ҚҚС төлеген кезде пайдалану мерзімі үш жылдан он жылға дейінгі автомобильдерді әкелуді көздейтін жеңілдік тарифтер қолданылады.
Шетелден автомобильді сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалардың ақпараты бойынша жеңілдік режімімен әкелінетін автомобиль аванс жолымен төленеді. Осыдан кейін ол 2 айдан 4 айға дейінгі кезең ішінде жеткізіледі. Жеңілдік режімінің 2003 жылдан бұрын шығарылған автомобильдерге таратылатындығын және мұндай автомобильдердің орташа құны 15 мың АҚШ долларын құрайтындығын ескере отырып, 2010 жылдың 2-жартысында автомобильді әкелуге байланысты қолма қол шетел валютасын тек қосымша таза сату 2011 жылы әкелінетін автомобильге алдын ала ақы төлеу туралы сөз қозғамағанда, 1,5 млрд. доллар жуық болуы (ҚР Кедендік бақылау комитетінің ақпараты бойынша 2009 жылдың 2-жартысында кәсіпкер жеке тұлғалар жалпы сомасы 250 млн. долларға 43105 автомобиль әкелді және декларациялады) мүмкін.
Автомобильдердің бұдан былай қымбаттауын күту сондай-ақ бұрын әкелінген және сатылмаған автомобильдерді сатудың өсуіне, сондай-ақ азаматтардың қолда бар ескі автомобильдерін анағұрлым жоғары бағаға қайта сатуына әсер етеді. Осылайша, бұл фактор 2010 жылы республикада қолма-қол шетел валютасы нарығына елеулі ықпал етті.
Жылжымайтын мүлік жандануда
– Әсер ету факторлары ішінде сіз жылжымайтын мүлік нарығындағы жандануды атап өтіңіз. Осыны түсіндірсеңіз?
– Шын мәнінде, біз 2010 жылдың жазынан бастап қолма-қол шетел валютасына сұраныстың өсуі жылжымайтын мүлік нарығындағы жанданумен байланысты болуы мүмкін деп санаймыз. Мәселен, Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін тіркеу саны 101151 мәмілені құрады. 2009 жылдың 9 айымен салыстырғанда мәмілелердің саны 17%-ға өсті.
Астанада 2010 жылдың 9 айы үшін мәмілелердің саны 52%-ға өсті, Алматы бойынша 2009 жылдың 9 айы деңгейінде қалды. Әділет министрлігінің деректері бойынша қыркүйекте сатып алу-сату мәмілелерінің саны республика бойынша 14170 мәмілені құрады. 2009 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда – өсудің төрттен біріне жуық, ал 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда – өсу 11%-ды құрайды.
Долларға қазақстандық азаматтар да басымдық береді
– ТМД-ның кейбір елдеріндегі қолма-қол доллар сатудың өсуі біздің жағдайымызға қалай қолданылады?
– Халықтың, мен айтып отырған, бос ақшасын қолма-қол шетел валютасындағы жинақ ақша ретінде және сол сияқты бағамдық айырмада кіріс алу мақсатында шоғырландыратын «жігі» басқа елдердегі қаржы-экономикалық ахуалды қадағалап отырады, онда болып жатқан өзгерістерді шешімдер қабылдау үшін өзінше «белгісі» деп санайды. Осы білімдеріне сүйене отырып, олар негізгі трендтерге түзетулер енгізуге мүмкіндігі бар.
ТМД бойынша көршілердегі ахуалды қарастырайық.
Украина. Украина Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2010 жылы банк жүйесінен тыс қолма-қол доллар мен еуроның өсуі 7,3 миллиард долларды құрады. Гривна бағамының тұрақтануына қарамастан, банктерден валюталардың әкетілуі өткен жылдың соңғы төрт айында 6,1 млрд. долларға күшейді. Бұл ретте халықтың валюта сатып алу көлемі желтоқсанда оны сатып алудан асып түсті және өткен жылы рекордтық сома – 1,7 млрд. долларды құрады. Украина сарапшылары экономиканы долларландырудың теріс үрдісі жақын арада күшеюі мүмкін деп санайды.
Белоруссия. Энергия тасымалдауыштар бағаларының үнемі өсуі, Беларусь-Ресей қатынастарының күрделі сипатта болуы салдарынан Беларусь халқы ұлттық валютаның тұрақтылығы үшін жиі қауіптене бастады. Мәселен, 2006 ж., 2008 ж. және 2010 ж. күзінде де осындай көрініс болды. Халық валютаны екі жыл бұрын – девальвация қарсаңында болған кездегідей белсенді сатып алуда және рубльдегі салымдарын валюталық салымдарға аударуда.
Ресейде, Әзірбайжанда да 2010 жылғы 3-тоқсанда – 4-тоқсанның басында қолма-қол шетел валютасын таза сатып алудың ұлғаюы тіркелді.
Валюта нарығында барлығы да құбылмалы
– Еуропадағы, атап айтқанда Грекиядағы, Португалиядағы, Ирландиядағы ахуалдардың Қазақстандағы валюталық көңіл-күйге және үрдістерге ықпалы қандай?
– Еуропа борыштық дағдарысы инвесторларды доллар сатып алуға итермеледі. Еуроның 2010 жылғы қазан-қарашада шамалы нығаюын қоспағанда, 2010 жылғы сәуірден бастап және осы жылдың аяғына дейін еуро позициясын жоғалта бастады. Бұл ретте, АҚШ доллары қарашада көптеген негізгі валюталарға қарағанда өсті, себебі инвесторлар Еуроаймақтағы және Корей түбегіндегі проблемалардың қайта көтерілуіне жауап қатты. Осылайша, сілкініс кезеңінде бұрынғыша валюта-қорғаныш ретінде болған доллар Еуропа маңайындағы қауіптену тарапынан, сондай-ақ Корей түбегіндегі шиеленістің ұлғаю тәуекелі тарапынан қолдау алды.
– Бүгінгі күні тағы қандай валюталық «қорқыныштар» өзекті болып отыр?
– Батыс сарапшылары шетелдік инвесторлардың доллардағы активтерге инвестицияларды шектейтін АҚШ бюджетінің дефицитіне қатысты өте алаңдап отырғанын атап өтеді. Goldman Sachs талдаушыларының пікірінше, Еуропадағы борыштық дағдарыс Ирландия, Грекия және Португалиядан тысқары тарамайды. Бұл экономикалық өсудің күшеюіне себепші болады және еуроны қолдайды. Тұтастай алғанда валюта нарығы біресе доллардың, біресе еуроның нығаюына қарай ауытқи отырып, аса құбылмалылығымен (өзгермелілігімен) сипатталады. Сондықтан валюта нарығының қалай дамитынын бағалау күрделі болып отыр.
Сонымен қатар, халық тарапынан қолма-қол долларға сұраныстың транзакциялық сұраныспен және девальвациялық күтулермен қатар инфляциялық күтулерге де байланысты болуы мүмкін екені жалпыға белгілі. Егер бағалар жылдам қарқынмен өсетін болса, онда адамдар тіпті, ғаламдық экономикалық себептер мен үдерістерді түсінбесе де, теңгеден құтылуға тырысады. Қаржылық сауаттылық деңгейі әлі де төмен деңгейде болып отырғандықтан, халықтың көп бөлігінде өзге қаржы құралдарына сенімсіздік қалыптасты. Халық өз ақшасын қайда саларын білмейді, себебі капиталды салудың балама көздері жоқ және ақша сақтау, өз капиталын басқару жүйелері туралы үнемі хабардар бола бермейді. Сондықтан жинақ ақша шетел валютасына аударылады және ішінара «шұлықта» және «көрпе астында» сақталады. Бұл ретте халықтың осы бөлігінің пікірінше, доллардың баламасы әзірше жоқ.
Еуроға қатысты айтатын болсақ, онда бағамның күрт құбылуына байланысты, қазіргі уақытта оны сатып алудың тиімді немесе тиімсіз екенін білу мүмкіндігі аз. Сондықтан халық Еуропа валютасын ұзақ мерзімді үй «депозиттері» үшін алады, ал долларды көлемі объективті түрде жоғары болып отырған қысқа мерзімді жинақ ақша үшін де пайдаланады.
Қоржын туралы алдын ала ойлан
– Сіз нарықтағы ағымдағы ахуалды қалай бағалайсыз?
– Өткен жылы валюта нарығының дамуына әсер еткен себептерді талдау нәтижелері бойынша және алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, 2010 жылы қалыптасқан ахуалдың тек осы кезеңде ғана орын алған факторлармен сипатталатынын атап өту керек. Жеке мақсаттары үшін жеңіл автомобильдер әкелудің жеңілдікті режімінің әсер етуі сияқты осы факторлардың уақытша сипатта екенін және олардың қолма-қол шетел валютасымен сату қарқынына одан әрі әсер етуі шамалы болатынын атап өту керек.
Макроэкономикалық факторлар 2011 жылы теңгенің нығаюына арналған алғышарттардың жасалатынын растайды. Бірқатар түбегейлі факторлар, оның ішінде мұнай бағаларының өсуі, республиканың ауқымды халықаралық резервтері, номиналдық ақшалай кірістері өсуінің жыл сайынғы қарқыны қолма-қол шетел валютасы нарығына әсер етеді. Шетел валютасына сұраныстың шамалы өсу қарқыны болған кезде сақталатынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты, жинақ ақшаның құрылымы (қоржыны) туралы ойлау қажет. Долларды сатып алу және оларды ұзақ уақытқа жинақтау аса дұрыс емес, себебі қазір долларға басқа валюталардың бәсекелес болу ықтималдылығы бар. Мысалы, Қытай юані ақша жинақтау валютасы болуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта юаньнің нығаюы байқалып отыр және оның резервтік валюталар санатына өтуі мүмкін. Қытай юанінің тұрақтылығы Азияның Қытай юанін АҚШ долларымен қатар еркін айырбасталатын валюта ретінде қолдану ықтималдылығын талқылауды бастаған елдерінде осы валютаға сенімділік туғызды. Өткен үш жылдан астам уақыттағы юань ревальвациясы Америка долларына қатысты 20% асты. Нәтижесінде юаньді интернационалдандыру барысы ҚХР-дың мемлекеттік стратегиясының бір бөлігі болып табылады және біртіндеп іске асыруға және юаньді сыртқы сауда саласында және сыртқы сауда операцияларында есеп айырысу валютасы ретінде қолдану аумағын кеңейтуге жатады.
Нарықты басқару шеберлігі тек трендтерді көру ғана емес, сонымен қатар оларды ескере отырып, тұрақтылықты сақтауда.
– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА.
• «ҚРҰБ Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің мамандары жүргізген зерттеудің толық нұсқасы «Салық және қаржы» журналында жарияланатын болады.