Оның сайлауалды бағдарламасын қызу қолдаған экологтар кәсіпорынның қызметімен таныстырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер жөніндегі өз пайым-көзқарастарын білдірді, неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар бойынша пікір алмасылды. Аталмыш орталықтың бас директоры Аманкелді Сқақовтың айтуынша, Қазақстандағы қазіргі экологиялық ахуал аса күрделі. Бұл жағдайда экология қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік басқару, заңнама, қоғамдық пікір және кәсіби біліктілік сияқты тетіктері ұтымды пайдаланылуы тиіс. Табиғат қорғау жобаларында, түрлі есептемелерде осы жағдайлар мұқият ескерілгені мақұл. Табиғат қорғау жөнінде қызбаланып көп айтуға болар, бірақ, сонымен қатар, бізге жоғары кәсіби біліктілікпен әзірленген жобалар қажет.
Бұдан әрі Орталық басшысы Парламентте «Экология кодексі» Заңы дайындалып қабылданған кезде, сенатор Ғ.Қасымов арқылы өздерінің бірқатар ұсыныстарын енгізгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ғани Есенкелдіұлы экологиялық проблемаларды шешуге қалың жұртшылықты тартуға да үлкен септігін тигізіп жүргендігі қаперге алынды. Қазір қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу іс-тәжірибесіне енгізілсе, бұл бапты да Экологиялық кодекске енгізуге септігін тигізген Ғани Есенкелдіұлы болып шықты.
Кездесу кезінде сөз алған бұрынғы Экология және биоресурстар министрінің орынбасары, табиғат қорғау ардагері Мәди Кереев 1994 жылы АҚШ-тың Техас штатының конгресінде Арал мен Балқаштың проблемасын алғаш айтқан, сол жерде тәуелсіз Қазақстанның туын желбіреткен айкөл азаматымыз да Ғани Қасымов болғандығын еске салып өтті. Ал бүгінде Ғанекең қоршаған ортаны қорғаудың алғы шебінде жүрсе, мұның өзі заңдылық ретінде қабылданары анық. Бұдан кейін сөз алған «Атамекен» қоғамдық-экологиялық газетінің бас редакторы Жанымгүл Сағындықова, орталық қызметкері Саян Мейірбеков, экологтар Ғ.Қасымовтың саяси тұғырнамасын қолдайтынын, сайлауда ол үшін дауыс беретіндіктерін мәлімдеді.
Ғ.Қасымов өз кезегінде, әсіресе, жер сілкінісінен туындаған жапондық атом электр стансаларындағы төтенше жағдайдан кейін экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің Қазақстандағы аса көкейкестілігін қадап айтты. Алдағы уақытта елде АЭС салынар болса, көпшіліктің пікірі ескерілуін, жалпы бұл істің жариялы болуын, тендерге тілек білдірушілердің барлығы қатыстырылуын тілге тиек етті.
Кездесу соңында Ғ.Қасымов орталықтың зертханасын аралап көріп, ауаны, суды, топырақты, радиациялық жағдайды тексеретін аспаптармен танысты.
Қорғанбек АМАНЖОЛ, Алматы.
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше