Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель бастап келген делегация мүшелерімен кездесті.
ОСК төрағасының орынбасары делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен және сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Сонымен қатар, ол делегация құрамының кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібіне, сайлау комисияларын қалыптастыру мен ОСК-нің олармен өзара әрекеттестігіне, саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің сайлау комиссияларында өкілдік етуіне, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша заң талаптарын орындауына, шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға, сондай-ақ шағымдар мен өтініштерді беру және оларды қарау үдерістеріне қатысты қойған сұрақтарына жауаптар қайтарды.
– Еуропалық Одақ азаматтардың негізгі құқықтарының іске асырылу мәселелеріне үлкен қызығушылық танытады және ұлттық сайлауларды осыларды жүзеге асырудың маңызды тетігі деп қарайды, – дей келіп, Пьер Морель сайлауды ұйымдастырушылардың электоралдық науқанды табысты өткізуіне тілектестігін білдірді.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.