26 Наурыз, 2011

Алматы метросы

1780 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
бірінші тармағының екінші кезегіндегі құрылыс басталды! Алматы метросының құ­рылысы аяқталып қалғанын және ол тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында қала­лы­қтардың игілігіне берілуі тиістігін бұған дейін хабар­ла­ғанбыз. Енді оңтүстік астанада метроның бірінші тар­мағының екінші кезегінің құрылысы басталды. Кеше, яғни 25 наурызда Алматы қаласының әкімі Ах­метжан Есімов құрылысы 22 жылдан бері жүріп келе жатқан метрополитен жағ­дайы­мен танысып, сонымен қатар бірінші кезектің, екінші кезектің құрылысының бас­та­луына куә болды. Журналистермен бірге жер астына түскен әкім БАҚ өкіл­деріне құрылыс жұмыстары қатаң кестеге сай жүргізіліп, керекті құрал-жабдықтар дер ке­зінде жеткізіліп жатқанын мә­лімдеді. «Байқоңыр» стан­са­сынан басқа барлық бекеттерде әрлеу жұмыстары толық аяқталған. Инженерлік желілер түгел жасақталып, сынақ­тар жүргізілгеннен кейін, ал­дын ала уәде етілгендей, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алматылық метроның ал­ғашқы пойызы жолға шыға­тын болады. Бірінші тармақ­тың екінші кезегінің құрылы­сына Қазақстан Үкіметі 2,2 миллиард теңге көлемінде қа­ражат бөлген. Дәл қазіргі күн­дері метрополитеннің екінші кезегінің екі стансасының құ­ры­лыс жобасы аяқталуға жақын. Ахметжан Есімов метро­ның тиімділігі тармақтардың қашықтықтарды қамтуы мен өткізу қабілетіне тікелей тәу­ел­ді екендігін атады. Алдын ала есептеулерге қарағанда, жер асты көлігі тәулігіне 300 мыңдай жолаушыны тасуға қабілеті бар. – Бұл жер үстіндегі кө­ліктердің жүктемесін ай­тар­лықтай азайтуға септеседі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жұмыс сапары кезінде метроны әрі қарай дамытып, құрылысын жал­ғас­тыру туралы бастама­мыз­ға қолдау білдірді. Метро құ­рылысы, Шығыс айналма жолы, газбен жүретін муни­ци­палды автобус паркін құ­ру, 200-дей жаңа троллейбус сатып алып, жеңіл рельстегі көліктерді көбейту жөніндегі жоба – мұның бәрі қаланың экологиялық ахуалын жақ­сар­тады, деді Алматы қала­сы­ның әкімі. Алматы метросы жаңа құ­рал-жабдықтармен қамта­ма­сыз етілген және ТМД-дағы ең заманауи жер асты жолы болмақ. Ол 29 түрлі қауіп­сіз­дік жүйесімен қамтамасыз етілген. Құқық бұзушылық пен лаң­кес­тік әрекеттердің алдын алу үшін метрода бейне-бақылау жү­йесі орнатылған. Оған қоса жолау­шылардағы есірткі немесе жарыл­ғыш заттарды анық­тай­тын құрал­дар бар. Қысқасы, жер асты рельстерінде әрқайсы­сын­да ұзын-ұзын төрт вагоны бар электр пойызы жүйткитін бола­ды. Алматы мет­ро­сын жылжы­ма­лы құраммен қам­та­масыз ету­ді оңтүстікорея­лық «Hyun­daі» корпорациясының Hyundaі Rotem компаниясы қолға алып, пойыздар қос рельске қон­дыры­лып бітті. Дизайны еліміздің көк бай­рағымен үндес жасалынған вагондар әлемдегі заманауи метро пойыздарына қойылатын сұра­ныс­тарға сәйкес келеді. Мұнда жолаушылар үшін жайлылық, қауіпсіздік мәселелері түгел ескерілген. Жолаушылар вагондардан вагондарға емін-еркін өте ала­ды. Бұл да қауіпсіздік көр­сеткішінің басты шарты болып табылады. Ең бастысы, жыл­жы­малы құрамдардың тежегіші ко­лод­калық ескі әдіспен емес, диск арқылы жұмыс істейді. Жоғары жылдамдықпен жүретін пойыз­ды диск арқылы тежеу оның дөңге­лек­терін ескіртпейді әрі шуды азай­тып, жөндеуге кететін шы­ғын­­дарды да айтар­лық­тай азайтады. Сағатына орта есеппен 40 ша­қырымдық жылдамдықпен жү­ре­тін метро пойызы бір мезетте 940 жолаушы тасымалдайды жә­не станса­лардағы аялдауларды қоса есептегенде келесі басына 15-20 минөтте жетіп барады. Қа­ла тұр­ғындары жұмысқа бара­тын, кешкілік қайтатын уақыт­тар­да пойыз­дар стансаларға әр 9 минөт сайын келетін болса, басқа кездерде олар­дың жылжу уақыты аздап сирейді. Күн сайын өсіп келе жатқан мегаполистегі алғашқы кезең­нің 7 бекетімен Алматының кө­лік кептелісі, жолаушы тасы­ма­лы мәселесін шешу мүмкін емес­тігі айтылып келген. Ендігі жерде метро құрылысын әрі қарай дамыту мақсатында қазір Абай даңғылынан бастап Қал­қа­ман-3 шағын ауданына дейін және «Райымбек батыр» станса­сынан бастап «Алматы-1» во­к­за­лына дейін жер асты жолын салу қолға алынбақ. Метроның екінші кезегін «Думан» шағын ау­данынан бастап Орталық сая­баққа дейін салу жоспарлануда. Метро құрылысының смета­лық құны 163,115 миллиард тең­гені құрайды. Осы күнге дейін 138,898 миллиард теңге игерілген. 2008-2010 жылдар ара­лы­ғын­да метро құрылысына 81,246 миллиард тең­ге жұмсалды. Осы­лайша алдыңғы 22 жылға қарағанда, соң­ғы үш жылда құрылыс-мон­таж­дау жұ­мыс­­­тары­ның басым бөлігі аяқталды. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.