Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумының (БИЭФ) төрағасы Тун Муса бин Хитаммен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің және ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің жыл сайынғы басты экономикалық саммиті немесе «Исламдық Давос» болып табылатын БИЭФ-тің болашақ төрағасы ретіндегі Қазақстан мен аталған форум арасындағы өзара қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Осы күні Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресейдің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) директоры Игорь Честинмен кездесті.
Кездесу барысында табиғатты қорғау саласындағы, соның ішінде, Балқаш бойының айрықша табиғи әлеуетін, өзендердің гидрологиялық режімі мен Іле-Балқаш бассейнінің су тепе-теңдігін қалпына келтіру сияқты өзара байланыстағы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешуге жағдай туғызатын экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.