29 Наурыз, 2011

KIA-ның жаңа төрт түрі

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскемендегі «Азия Авто» авто­көлік құрастыру зауыты» акционерлік қоғамында тағы бір елеулі оқиға болды. KIA Motors компаниясының төрт бірдей KIA Soul, KIA Optima, KIA Cadenza, KIA Sportage түрі конвейерден шықты. Оның салтанатты ашуылуына KIA Motors компа­ния­сының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық офи­сінің президенті Йанг Хо Сон, «БИПЭК Авто» компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин, «Азия Авто» президенті Ержан Мандиев қатысты. Оңтүстіккореялық KIA автокө­лік­терінің бұған дейін Өскеменде тағы бірнеше түрі шығарыла бас­та­ған. Йанг Хо Сон мырзаның ай­ту­ын­ша, алдағы уақытта да Өске­мен­дегі көлік зауытымен тығыз қарым-қа­тынас орнатыла бермек. Жаңа кө­ліктердің бағасы онша қымбат емес. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.