29 Наурыз, 2011

Орталық Азия: жаңа тарихтың жиырма жылы

528 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алматыда Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан страте­гия­лық зерттеулер институтында  «Ор­талық Азия: жаңа тарихтың жиыр­ма жылы» атты семинар болып өтті. Қазақстандық-ресейлік сарап­шы­лар кеңесінің ұйымдас­тыруы­мен болған бұл жиында оған қаты­сушылар, негізінен алғанда Орта­лық Азиядағы бүгінгі ахуал және қол жеткен жетістіктер мен орын алып отырған күрделіліктер төңіре­гінде ой бөлісті. Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік және тәуелсіз ғы­лыми-сараптамалық құры­лым­да­рының жетекші сарапшылары, рес­публиканың, мемлекеттің басқару органдарының өкілдері Орталық Азия мемлекеттерінің саяси және экономикалық жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктер мен бұл аймақтағы интеграциялық үдерістердің келешегі туралы да кеңінен сөз қозғады. Қазақстан стратегиялық зерт­теу­лер институтының директоры Болат Сұлтанов «Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық, та­ту-тәтті көршілік қарым-қа­ты­нас­ты одан әрі нығайтып, дамы­тудың қа­жеттігі» туралы өз сөзінде атап көрсетті. Мұның өзі, шын мәні­сінде де өмірлік маңызы бар өзекті мақсаттардың бірі, өйткені, бұл ай­мақ­та қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төніп тұрған қауіп-қатерді ешкім жоққа шығара алмайды. – Жасыратыны жоқ, Орталық Азиядағы ең маңызды проб­лема­лар­дың бірі – ислам дұшпандарына қарсы күрес ұранын ұстанған ради­калдық исламдық ұйымдардың қар­қын алуы болып табылады. Қыр­ғызстан мен Тәжікстандағы ауыр жағдай, Ауғанстандағы соғыс және өзге де күрделіліктер алаңдатушы­лық туғызбай қоймайды. Қазіргі кезеңде бізге көшпенділердің өрке­ние­тін – номадизмді оқып-үйре­нуге, зерттеуге басты назар аудару қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың наурыз айында Түркістан қаласында  қоғам өкілдерімен кездесуі кезінде «Қа­зақ­стан өзінің даму жолымен жү­ру­ге тиісті және өзінің сан ғасырлар бойы қастерлеген дәстүрлері мен құн­дылықтарын құрметтеуі қажет», деді. Елбасы бұл жүздесуде сондай-ақ, «менің өзім студент қыздар мен мектеп оқушыларының, әсіресе, паранжа немесе хиджаб киіп жүруіне мүлдем қарсымын. Біздің халқы­мыз­дың тарихында паранжа кию ешқашан және мүлдем болмаған. Сондықтан да ақиқат пен күштеп мәжбүрлеудің, еліктеудің арасын айырудың өзектілігін» де тілге тиек етті. Шындығында да, біздің хал­қымыздың озық мәдениеті, қалып­тасқан әдет-ғұрыптары мол,  деді Болат Сұлтанов. Ғылыми форумда Орталық Азия елдерінің мемлекеттілігін қа­лып­тастырып, жаһанданған әлемде өз орнын айқындау үшін  өткен жиырма жыл біршама, анығырақ айтқанда, жеткілікті мерзім екендігі де назардан тыс қалған жоқ. Мә­селен, бұл аймақтағы әрбір мем­лекеттің өзінің даму жолын, әлеу­меттік-экономикалық және саяси қайта құру мазмұнын да анық­тауының өзі көп нәрседен хабар берсе керек. Сыртқы істер министрінің орын­басары Қайрат Сарыбай өз кезегінде республиканың аймақтық саясаты төңірегінде бірқатар нақты мәліметтер де келтірді. – Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан мемлекеттеріне ресми сапарының және бұл елдер­дің басшыларының біздің елімізге қайтара сапарларының нәтижелері мемлекетаралық ынтымақтастықта жаңа әрі тың үрдістердің айқын­дала бастағанын көрсететіні сөзсіз. Сөз реті келгенде атап айтатын жәйт, Қазақстан Қырғызстандағы ең ірі инвестор болып табылады. Мәселен, еліміз 2008 жылы Қыр­ғыз­стан экономикасына 334,3 миллион доллар көлемінде (немесе Қырғызстан инвестициясының жал­­пы көлемінің 51,5 пайызы) инвестиция салды. Жыл басынан бері еліміз көршілес елдерге көмек көр­сету бойынша мемлекетаралық бағдарламаны жасауға кірісіп кетті. Қазақстан Өзбекстан эконо­ми­касында оның негізгі сауда әріп­тес­терінен (Ресей, Қытай) кейін үшін­ші орынды иеленуде, – деді Қайрат Сарыбаев. «Орталық Азия: жаңа тарихтың жиырма жылы» ғылыми форумына жиналғандар М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу орталығының директоры Алексей Власовтың күн тәртібіне қо­йылған мәселе жөніндегі тұжы­ры­мын үлкен ынтамен тыңдады. Қорыта айтқанда, біздің елі­міз­дің аймақтық саясаты өзара сенімді нығайтып, интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталуда. Өйт­кені, Ор­талық Азия елдеріндегі тұ­рақ­­ты­лық пен оның одан әрі өр­кендеуінің басты кілті, басты мүм­кін­дік те осы ықпалдастыққа тәуелді. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.