Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері арасында жеке құрамның атыс қаруынан атыс жаттығуларын орындаудан және дене тәрбиесі дайындықтарынан ең үздіктерді анықтау мақсатында «Іле» полигонында ұйымдастырылған жарыстың қорытындысы шығарылды.
Атыс жарыстарында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 21450 әскери бөлімі мотоатқыштар батальонының взводы, нысаналардың 90 пайызына дәл тигізіп, «үздік» баға алды.
Дене тәрбиесі дайындықтарын анықтау үшін жарыстың бағдарламасына турникте тартылу мен 3 шақырымға жүгіру сияқты дене тәрбиесі нормативтерін орындау қажет болды. Өңірлік қолбасшылықтар мен Аэроұтқыр әскерлерінен қатысқан жеке құрамдар жақсы нәтижелер көрсетті.
Мұндай сайыстар жазғы оқу кезеңінде де ұйымдастырылатын болады. Бұл шара жеке құрам арасында жарыстың кең етек алуына және бөлімдегі командирлердің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға талпынысын арттыруға, сонымен бірге жарыс бағдарламасына танк бөлімшелері үшін танктен және жаяу әскердің жауынгерлік машинасынан, бронды транпортерден көздеп атудан емтихандар қабылдауды енгізуге, ал мотоатқыштарға, десантты-шабуылдаушы бөлімшелер мен теңіз жаяу әскері әскери қызметшілерінен ату ережесі мен атыс тапсырмаларын шешуге мүмкіндік туғызады.
Болашақта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мұндай жарыстарды артиллерия әскерлері бөлімшелерінде, Әуе шабуылынана қорғаныс, РХБҚ, инженерлік-саперлік және барлаушылар бөлімшелерінде өз мамандықтары бойынша өткізуді жоспарламақ.
Оксана ПАРПУРА.
Суретті түсірген Абай ЛАЙКОВ.

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше