29 Наурыз, 2011

Елбасы қабылдады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Н.Сұбханбердин Президентке «Қазком­мерц­банк» АҚ даму қарқыны туралы баян­дады және қаржы дағдарысы жағдайында банктерге, шағын және орта бизнеске ай­тар­лықтай қаржылық көмек көрсетуге мүм­кін­дік туғызған шешімді шаралар қабыл­да­ғаны үшін алғысын айтты. Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстандық компаниялардың шикізаттық емес сек­тор­дағы борыш ауыртпалығын төмендету тура­лы әңгіме қозғалды. Экономиканың шикізаттық емес секторын жақсарту үшін банктер несие бө­лу­лері тиіс қой. Біздің клиенттеріміздің қыс­қа мерзімді операцияларына несие бөлуді шектемеу үшін біз биылғы жылы біздің корпоративтік клиенттерімізге және ипотека­лық несиелеуге ұзақ мерзімді қорландыру жо­баларын қамтамасыз етуді алдымызға ма­ңызды міндет етіп қойдық. Бұл үшін біз капитал нарығымен де, мемлекетпен де жұ­мыс­ты жалғастырамыз. 2011 жыл өз тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын атап өтетін біздің елі­міз үшін және біздің банк үшін маңызды жыл болып табылады. Біз міндетіміз бен жұ­мыс жоспарын түсініп, бұл жылға сеніммен қадам бастық, – деп атап өтті Н.Сұбханбердин.