29 Наурыз, 2011

Мақсат – елде дене шынықтыру қозғалысын дамыту

401 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобровтың жетекшілігімен «2010 жылы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар және алдағы даму міндеттері туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі халық қа­лаулыларына туристік индустрия­ның дамуы мен спорт саласының жетістіктеріне арнал­ған көрме ұйымдастырды. Қа­зақ­стан Республикасының Туризм және спорт министрі Темірхан Дос­мұ­хамбетов 2010 жылғы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыс­тар мен ал­да­ғы  міндеттері жайында  баяндама жасады. Министр үдемелі индус­трия­лық-инновациялық дамудың мем­лекеттік бағдарламасы шең­берінде Туристік индустрияның перспективалы бағыт­тарын да­мы­ту жөніндегі 2014 жылға дейінгі салалық бағдарлама қабыл­данғанын мәлімдеді. Ол сырттан келушілер туризмін және ішкі туризмді дамыту, Жібек жолы бойындағы туризмді алдағы бес жылға дамыту міндеттерін ай­қын­дайды. Салалық бағ­дарлама шеңберінде министрлік туристік индустрияны дамытудың негізгі бес бағытын атап өтті. Бірінші – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дә­лізі бой­ында жол бойы инфра­құ­рылымы объектілерін сала оты­рып, туристік кластерді құру. Екінші – Алматы, Ақмола, Шығыс Қа­зақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында тау шаң­ғысы курорт­тары мен ба­заларын дамыту үшін тау шаң­ғысы туризмінің инфра­құ­рылы­мын жасау.  Үшінші – эколо­гия­лық туризмді дамытуды ынта­лан­дыру. Төр­тін­ші – Қазақ­станның туристік маркетингтік стратегиясын қа­лыптастыру бол­са,  бесінші – ту­ристік ин­дус­трияның кадр­лық әлеуетін да­мыту. Қазіргі уақытта ту­ристік кадрлар 14 мамандық бой­ын­ша 80-нен астам жоғары және орта оқу орындарында білім алуда. Қазақ­стан Республикасының Пре­зиденті Н.Назар­баев­тың «Бо­ла­шақ» халықаралық сти­пен­дия­сы шеңберінде 2010 жылы шетелдік жоо-ларға 51 стипендиат жіберілді. 2011 жылғы туризм сала­сын­дағы негізгі міндеттер деп министр үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму жө­ніндегі мем­лекеттік бағдарламаны іске асыру мен Туристік индус­трия­ның перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі салалық бағ­дарламаны іске асыруды атап өт­ті. Алға қойылған міндеттерді ше­шу туристік қызметтен түсе­тін жиынтық кірісті 2010 жылғы  3,3%-дан 2011 жылы 4,7%-ға дейін арттырады. Азия құрлығындағы басты спорттық форум – Астана және Алматы қалаларындағы VII Қыс­қы Азия ой­ындарына дайындалу мен өткізу, сонымен қатар, қа­зақ­стандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елде дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысты да­мыту министрліктің алдында тұрған бүгінгі маңызды міндет болып та­былады. Үкімет сағатында министрлік бас­шысына депутат Құрманғали Уәли ұлттық ойындарды әлемге танытудың уақыты жеткенін айтса, Мұхтар Тінікеев пен Светлана Ферхо Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары­ның жастарына спорт базаларын салып беру жайын қозғады. Серік Ос­панов, Валерий Вишниченко, Нұртай Сабильянов, тағы да басқа депутаттар ведомство басшысына өз ұсыныс­тарымен шықты.