Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңір үшін айрықша маңызы бар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерге сай мұндағы түсімдер бөлігі 8,5 миллиард теңгеге ұлғайды. Мұның басым бөлігі республикалық трансферттер есебінен енгізілді. Аталған қаржы ресурстары елді мекендерді одан әрі газдандыруға, тұрғындарды ауыз сумен қамтуға, және әлеуметтік нысандардың кем-кетігін бүтіндеуге жұмсалмақ.
Сондай-ақ сессияда облыстағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қабылданды.
Темір ҚҰСАЙЫН.
Орал.