30 Наурыз, 2011

Бомбалауды тоқтатуды талап етті

418 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Ливия басшысы Муамар Каддафи әлемдік қоғам­дас­тық­қа өз еліндегі әскери операцияны тоқтатуды талап етіп қайырылды. Халықаралық коалицияға қаты­су­шы елдер басшыларына жолдаған хатында ол коалиция әс­кер­ле­рінің іс-қимылын «тағылық шабуыл» деп атады. Кеше Лондонда Ливиядағы жағдайға арналған саммит бо­лып өтті. Оған 7 араб мемлекетін қосқанда 35 ел қа­тыс­ты. Жинал­ғандарға үндеуінде М.Каддафи НАТО-ның авиасоқ­қы­ла­рын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Адольф Гитлердің іс-әрекеттерімен салыстырды. Бұрнағы күні Каддафи күштері қарулы оппозицияның алға ұмты­лысына Сирт қаласының маңайында тосқауыл қойды. САЯСИ ЖОЛМЕН ШЕШУГЕ  ШАҚЫРДЫ Германия сыртқы істер министрі – вице-канцлер Гидо Вестервелле Ли­вия­дағы жанжалды саяси жолмен шеш­кен жөн деген пікір білдірді. Вес­тер­вел­ле­нің сөзіне қарағанда, Ливия мәселесін тек әскери тәсілмен шешу мүмкін емес. Ол Франция президенті Николя Сар­ко­зидің айтқан­дарын сын тезіне алды. Н.Саркози араб мем­ле­кет­терінің басшыларына ел тұрғындарына қарсы репрессиялық әре­кет­тер орын алған жағдайда халықаралық қоғамдастық пен Еуропа Ливиядағы сияқты әрекетке көшуі ықтимал деген тұр­ғыда ескерту-сымақ жасаған болатын. Германия СІМ-і бас­шы­сының пікірінше, бұл – өте қауіпті ұстаным. АМЕРИКА ХАЛҚЫНА ҮНДЕУМЕН ШЫҚТЫ АҚШ президенті Барак Обама ел халқына теле­үндеумен шықты. Онда ол Құрама Штаттардың Ливия­дағы әскери опе­рацияға қатысудағы мақсатын түсіндіруге тырысты. Оның сө­зіне қарағанда, қалып­тасқан жағдайда АҚШ-тың Ливиядағы операцияға қатысудан бас тартуы сатқындық болып шығар еді. «Кейбір елдер өзге мемлекеттерде болып жатқан зұлым­дықтарға көз жұмып қарауы мүмкін. Алайда Америка Құ­рама Штаттары ондай мемлекеттер санатынан емес, – деп мә­лім­деді АҚШ президенті. – Халықаралық коалицияның Ливия­да­ғы іс-қимылы бүкіл өңір тұрақтылығына қауіп төндірген қыр­қысқа тосқауыл қойды». Сондай-ақ ол М.Каддафидің қаруға жүгінуін қате қадам болды деп есептейтінін көлденең тартты. СИРИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҮКІМЕТ АУЫСТЫРМАҚ Сирия президенті Башар Асад та­яу­дағы тәуліктер ішінде елдің іс ба­сын­дағы үкіметін отставкаға кетіру туралы шешім қабылдады. Ал жаңа ка­бинет ес­кісі кетісімен бір тәулік ішінде қайта жасақ­тал­мақ. Бұл жа­ңа­лық Сирияда оншақты күн­нен бері жалғасып жат­қан тәр­тіп­сіздіктер барысында жария етілді. Саяси жүйені демократияландыру туралы ұран кө­тер­ген­дердің наразылық акциялары Дараа қаласында бастау алса, бұл үдеріс көп кешікпей ел астанасы – Дамаскіні қоса алғанда басқа қалаларға да  тараған болатын. Полициямен қақ­тығыс кезінде ондаған адам көз жұмса, жүздегені жа­раланған еді. Осыдан соң-ақ билік жедел түрде саяси және эко­номикалық реформалар жасайтынын хабарлаған бо­латын. ШЕКАРАДАҒЫ СЕЛОНЫ БӨЛІСЕ АЛМАУДА Абхазия Ресей ұсынған шекараны делимитациялау және демаркациялау нұсқасына қарсы шықты. Сухумиді Ресей жо­ба­сындағы Аибга селосының абхаздық бөлігінің Ресей аумағ­ына жатқызылғаны қанағаттандырмай отыр. Бұл жөнінде Абхазия парламентінің вице-спикері Ирина Агрба мәлімдеді. Абхазия уақыт ағынымен көптен бері тек аумағы жа­ғы­нан та­рылып келеді. Сондықтан жер мәселесі абхаз қоғамы үшін өте үлкен жан ауыртарлық мәселе болып табылады. Біздің сеніміміз бен дос­тық қатынасымызды сынаққа са­лу­ға болмайды, деп мәлімдеді атал­ған проблемаға байла­ны­сты вице-спикер. Абхаз халқы шека­раның Крас­нодар өлкесімен шектесетін бұрынғы күйінде қалғанын қалайды. ШЕТЕЛДІК ТЕЛЕХАБАРЛАРҒА ШЕКТЕУ ҚОЙМАҚ Қырғызстан парламентінде шетел те­леарналарының хабарларын көр­се­туге шектеу енгізу туралы ұсыныс ай­тылды. Бұл шектеу, әсіресе, елдегі сай­лау ке­зеңінде ерекше назарда болуы тиіс, дейді парламенттегі оппо­зи­циялық депутат, «Ата-Мекен» пар­тия­сының көсемі Өмір­бек Текебаев. Оның айтуынша, Қырғызстандағы сай­лау уақытында шетел бағдар­ла­ма­ла­рын тікелей эфирден көрсету мүлдем тоқтатылуы тиіс. Кей жағдайларда тек жазу арқылы трансляциялауға болады. Егер шетелдік те­ле­бағ­дар­ла­мада сайлауға қа­тысушы­лар­дың немесе ел басшылығы өкіл­дерінің ар-на­мысына тиетін мәлі­мет­тер кездесетін болса, онда бағ­дар­ла­малар экранға мүлдем жіберілмеуі тиіс. ЖАСАҚТАР БАЗАСЫНА АВИАСОҚҚЫ БЕРІЛДІ Ресей әскери-әуе күштері Ингушетиядағы қарулы жа­сақтар базасына дәлденген авиасоққылар жасады. Авиа­ша­буыл нәтижесінде 17 жасақтың көзі жойылған. Ұлттық антитеррорлық комитет (ҰАК) ақпаратына қарағанда, базада терроршы-жанкештілер дайындықтан өтеді екен. ҰАК өкілдерінің сөздерінше, базада дайындалғандар Сол­түстік Осетия мен Ингушетия автономияларының аумақ­тарында лаңкестік жасауды жоспарласа керек. Бірақ олардың әре­кеттері жүзеге аспай қалған. Ал қарулы жасақтар база­сының нақты қай жерде орналасқаны туралы нақты дерек жоқ. Тек операция барысында федералды қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері мен бір милиционер де көз жұмған. ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫП АЙТҚАНДА: Германия канцлері Ангела Меркельдің партиясы Баден-Вюртемберге және Рейнланд-Пфальце жерлерінде болған сайлауларда жеңіліс тапты. Сөйтіп, ГФР Христиан-демо­кра­тия­лық одағы үкімет жасақтау мүмкіндігінен айырылды. Билік басында 58 жыл болған ХДО енді оппозицияға кетуге мәжбүр болып отыр. ГФР-дің бұрынғы канцлері Гельмут Коль Германиядағы атом энергетикасын қорғап пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда АЭС-терге балама табу мүмкін емес. Тек олардың қауіпсіздігіне баса мән берілуі керек. Йеменнің Джаар қаласы маңындағы қару-жарақ зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны 150 адамға жетті. 80 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Кейбір дерек көздері аталған қаланы «Әл-Каида» жасақтары басып алды деген хабар таратып отыр. Интернет материалдары негізінде әзірленді.