Теннис. Осы күндері теннистен Қытайда өтіп жатқан ITF Kumming халықаралық турнирінде қазақстандық Зарина Диас финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол индонезиялық Ая-Фани Дамаянтиді үш сетте – 3:6, 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Қазір Зарина WTA рейтингінде 153 орынды иеленіп отыр. Егер осы турнирде жеңіске жетсе Зарина 25 000 АҚШ долларына ие болады.
Ал АҚШ-тың Майами қаласында ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан тағы бір турнирде Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова жекелей сында келесі айналымға шықты. Алғашқы айналымда Кукушкин фин Яркко Ниеминенаны жеңсе, Шведова италиялық Сара Эрраниден басым түсті. Осы турнирге қатысқан Андрей Голубев алғашқы айналымда хорват Иван Додигуден жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Голубевтің жолын тағы «Челленджер» сериясы бойынша Марокконың Маракеше қаласында өтіп жатқан Morocco Tennis Tour турниріне қатысқан Евгений Королев пен Юрий Щукин қайталады. Олар екінші айналымда қарсыластарына есе жіберді.
Коньки. Астанадағы «Алау» спорт сарайында классикалық және спринттік коньки тебуден ел чемпионаты аяқталды.
Жарыста классикалық көпсайыстағы төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды Ольга Жигина (Астана), екінші және үшінші орынды Елена Урванцева (Петропавл) мен Марина Иванова (Қарағанды) иеленді. Ал ерлер арасында бас жүлдені Артем Белоусов (Астана), екінші орынды Максим Баклашкин (Астана), үшінші орынды Федор Мезенцев (Алматы) жеңіп алды.
Осы сында Петропавл қаласының тумасы, ұлттық құраманың мүшесі Роман Креч 500 метрлік қашықтықты 35,50 секөнтте жүгіріп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ол бұған дейін былтыр Ванкувер Олимпиадасының алдында Калгари қаласында өткен ISU Time Trials турнирінде рекорд жасап, күміс жүлдеге ие болған еді. Бірақ ол кездегі рекорд биік таулы мұз айдынында жасалса, бұл жолы ол жасанды мұз айдынында жүзеге асырылып отыр.
Дзюдо. Келесі жылы елімізде дзюдодан «Үлкен дулыға» аясындағы ірі халықаралық турнирдің бірі өтетін болады. Мұндай шешім Халықаралық дзюдо федерациясының кеңейтілген мәжілісінде қабылданды.
«Үлкен дулыға» аясындағы алғашқы турнир 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өткен болатын. Одан кейін турнир Әзірбайжанның Баку қаласында ұйымдастырылған. Енді үшінші турнир келесі жылдың қаңтар айында Алматыда өтпекші.
Осы турнирде жеңімпаз атанған спортшыға Олимпиада жолдамасымен бірге, 200 000 АҚШ доллары табыс етіледі.
«Егемен-ақпарат».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55