30 Наурыз, 2011

Жаңа...

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...ТАПСЫРЫСТАР ЖАСАЛДЫ Өндіріске қажетті аспалы кранды облыс орталығын­да­ғы  «Мәшине жасау» зауыты жасап шығарды. Зауыт ас­па­лы крандар өндірісі бой­ын­ша аты белгілі неміс концернімен екі жыл­дан бері әріп­тестік байланыс орнатқан. Енді  бұл өндірістік бай­ла­ныс одан әрі жалғасады деген сөз. Яғни, сапалы құрал-жабдық шығаруға  иннова­ция­лық технология мүмкін­дік береді. Зауытта құрас­ты­рылатын техника халықара­лық сапа сер­тификатына ие. Өз еліміз бойынша  жүк көтергіш аспалы крандарға негізінен «Қазмырыш», «Қаз­­хром», «Арселор Миттал Теміртау» компаниялары мен Ресей­дің Серов металлургия комби­наты тапсы­рыс беруде. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар. * * * ...ҒИМАРАТҚА КӨШТІ Қазақстандағы «Тұрғын­үй­құ­рылыс­жи­­нақбанкі» АҚ-тың Қостанай облыстық фи­лиалы жаңа ғи­ма­ратқа көшті. Меке­менің бұ­рын­ғы ғимараты оның салым­шы­ларға толық­қанды қыз­мет көр­сетуі үшін тарлық етті. Ал банк фи­ли­алының жаңа ғи­мараты Қос­­танайдың нақ кіндік орта­лы­ғында орналасқан. Бұл адам­дарға қызмет көрсетуге өте қолайлы, бөлмелер көп, кең әрі жарық. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына арнайы келіп қа­тысқан «Тұрғынүйқұ­рылыс­жи­нақ­­банкі» АҚ-тың атқару­шы директоры Данияр Тойбаев журналистерге 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарлама­сы тура­лы айта келіп, тұрғын­дар­дың банк арқы­лы баспана мә­селесін шеше алатындығын жеткізді. Жаңа бағдарлама шең­бе­рін­де биыл облыста 3 үй тұрғы­зы­лады. Ол үшін республика қазы­на­сынан 864 миллион теңге бөлі­ніп отыр. Алдын ала болжам бой­ын­ша, үстіміздегі жылы 160 са­­лымшы өз пәтеріне қол жеткізеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай. * * * ...ТЕХНИКАЛАР АЛЫНДЫ Абай ауданының орталы­ғы – Қарауыл ауылының тұрғын­дары өткен жылдың көктемгі су тас­қынында техника тап­шы­лы­ғы­нан қина­лып қалған еді. Соны ескерген аудан әкімі Ержан Сү­лей­меннің ұйытқы болуымен биыл аудандық «Риза» ком­му­нал­дық кәсіп­орнына әр­қай­сысы­ның құны 6-8 миллион теңге тұратын ZL50G маркалы тиегіш, «К-700» трактор-бульдозері, «КамАЗ» жүк мәшинесі тіркемесімен сатып әперілді. Соның нә­тижесінде биыл аудан орта­лығы жөнге келіп қалды. Енді аталған мекемеге су та­си­тын автокөлік сатып әперілмек. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы.