Астанада Коммунистік халықтық партиясы атынан президенттікке кандидат Ж. Ахметбеков ТДМ өңірінен келген байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Күн өткен сайын аталған партия өкілінің сайлауалды кестесі тығыздала бастапты. Оңтүстік өңірге жасаған сапарынан кейін кандидат ТМД тарапынан келген байқаушылар миссиясы жетекшісінің орынбасары Олег Кулебамен кездесті.
Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы сайлауалды штабында өткен кездесуде О. Кулеба Достастық елдері байқаушыларының атқарған жұмыстарына тоқталып, олардың барысын егжей-тегжейлі мәлім етті.
Қазіргі таңда Қазақстанда Молдовадан өзге ТДМ мемлекеттерінің 425 өкілі тіркеуден өтіпті. Миссияның ауқымды тәжірибесі айқындалған: олардың байқаушылары түрлі елдердің 57 сайлау үдерісіне қатысыпты.
Байқаушылар миссиясы жетекшісінің орынбасары Коммунистік халықтық партиясы өкілінен сайлауалды үдерісінің жай-күйі мен сайлау заңнамаларының сақталуы жөнінде өз пікірімен бөлісуді сұрады. «Біздің мақсатымыз – алдағы сайлау туралы көп ақпарат жинау. Бұл сайлау нәтижелерінің дұрыс қорытындылануы мен ол ақпараттардың шындыққа сәйкес болуы үшін қажет»,– деді О. Кулеба.
Ал Ж.Ахметбековтің пікірінше, коммунистердің үгіт-насихат материалдары мен олардың билбордтарының орналасуына қатысты азды-көпті кемшіліктер сайлауалды жұмыстардың алғашқы кезеңінде орын алыпты. Ал бүгінде ондай заң бұзушылықтардың кедір-бұдыры тегістелген көрінеді. Сондай-ақ, Ж. Ахметбеков өзінің сайлауалды қызметтері жөнінде ақпарат таратып жатқан БАҚ жұмысына көңілі толатындығын жеткізді.
Басқосу кезінде кандидат өзінің Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жасаған сапарлары жөнінде қысқаша ақпар беріп өтті. Оның айтуынша, сайлауалды науқан үдерісіне берілген уақыттың тапшылығына сәйкес, ол кейбір өңірлерге сенім білдірілген адамдарын жібергенін, олардың өз атынан сайлаушылармен кездесіп жүргенін айтты. Бір атап өтерлігі, коммунистер сайлаушы-электоратпен кездесу барысында негізгі басымдық өз арбасын өзі сүйрететін қарапайым жандарға берілгендігін атап өтті. Олар көп жағдайда ауылды жерлерде өз нәсібін өздері тауып жүрген азаматтар көрінеді. Коммунистердің есебі бойынша, мұндай азаматтардың саны 2 млн. 700 мың адамды құрайды.
«Олардың басым көпшілігі көп жылдардан бері ешқандай сайлауға қатыспай келіпті. Себебі, бұл азаматтарды бір сауал ғана мазалайтын болған – ол «Отбасымды қалай асырап, бақсам екен?» деген сауал. Сондықтан, көшеде, сауда нүктелерінде осындай азаматтармен кездесу барысында оларды сайлауға келіп, өз кандидатына дауыс беруге шақырдық. Біз осы арқылы жұмысшы азаматтардың, қарапайым халықтың дауыстары назарға іліксе дейміз», – деді өз сөзінде ол.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.
Астана.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55