30 Наурыз, 2011

Елім деп соққан жүрек

5481 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Адам дүниеге келгенде баянды ғұмыр, тағылымды өмір кешсем деп талпынатыны бар. Өмір жолының биігіне көтеріліп, асуына да шығуға ұмтылады. Осы ғұмырнамада бағы асып, бақыты тасыған дәрежеге жетсем дейтін тілекте де жүреді. Сондай жанның бірі – Жамбыл Ахметбеков. Қарапайым отбасында өмір есігін ашып, есейген ол көп балалы шаңырақта тәлім-тәрбие алды. Шыбықты ат қып мінген балғын балалық шағы да кешегідей көз алдында. Бесіктен белі шықпай жатып, ауылда қара жұмыс істеді.  Оны ерте есейткен де осы қыры еді. Он бес жасында темір тұл­пар – тракторды тізгіндесе, еңбегі жанып, жиырмадан енді асқанда Қызылсай ауылдық округінің депутаты болып сай­ланды. Қазақта «Болар бала жасы­нан», деп те тегін айтылмаса ке­рек-ті. Осылай жастайынан ел­дің аузына ілігіп, жеке басынан гөрі қоғамдық мүддені жоғары қоя білді. Халқының қамқорына да айналып, талай адамның ал­ғы­сын арқалады. Қолынан келген көмегін де аяп көрген емес. Қашанда басқаға қолұшын беруге даяр тұрды. Осы жылдар ішінде екі жо­ға­ры білім алып, өзінің білімге деген құлшынысын арттырды. Үл­кен­ге ізгі, кішіге үлгі боларлық қырлары да оны ерекшелеп тұратын. Кейін елі үшін еңбегімен кө­ріне білген ол Коммунистік ха­лықтық  партияға мүше болуды қалады. Халық сенім артып, кан­дидат етіп ұсынғанының ас­та­рында да осы жайлар жатқаны анық. Ол билік басында болу қан­шалықты жауапкершілік жүгін жүктейтінін айқын түсінгені­мен, оған артқан үмітті ақта­мау­ға қақысы жоқ деп шешті. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес  қызметін атқара жүріп, орта­лықтың өктем саясатының ығы­мен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Жамбыл Аужан­ұлы партия хатшысы болып қызмет атқарған кездің өзінде-ақ өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен таны­лып, халық дәстүрін жақсы білетін, ой өрісі биік, тағылымы терең жан екенін талай мәрте дәлелдеді.  Оның ел президенттігіне лайықты кандидат екендігіне партияластары тарапынан еш күмән келтірмейтіні жан-жақты қолдаулары арқылы да анық көрінеді. Мұхамеджан ЫСҚАҚОВ. Ақмола облысы.