30 Наурыз, 2011

Үгіт плакаттары патриоттарға үндейді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сайлау өтер күн жақындаған сайын үміткерлердің қай-қайсысы да сайлаушылармен арадағы байланыстарын үдете түсуде. Наурыздың 28-інен бастап, «Қазақстанның патриоттар пар­тия­сы» қоғамдық бірлестігі ұ­сын­ған Ғани Қасымовты қол­дау­шылар Астана қаласында үміт­кердің тұғырнамалық бағ­дарламасы мен бейнесі бар плакаттарды көшелердің көрнекі жерлеріне іле бастады. Онда үміткердің әлеуметтік бағдарламаларға өзгерістер енгізуіне басымдықтар берілген. Үміткер мүгедектікке байла­ныс­ты айлық жәрдемақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, зейнет­ақы мөлшерін ұлғайтуды көз­дей­ді. Тұрмысы төмен жандарды тегін медициналық көмекпен, ал жастарды тым қымбат емес сапалы тұрғын үйлермен қам­тамасыз етуді өз тұғырнама­сында көрсеткен. «Біз осы үміткер ұсынған өзгерістерді жақтап дауыстарымызды бермекпіз», дейді Ғани Қасымовтың сайлауалды штабындағылар. Бүгінге дейін Қасымовты қолдаушылар көптеген акциялар өткізіп үлгерді. Олардың ішінде коррупцияға қарсы, азаматтар­дың құқықтарын қорғау, ардагерлермен кездесулер, қала кө­ше­лерінде тұрғындармен әңгі­ме­лердің өтуі үміткер бағдар­ламасымен халықты таныс­ты­ру­ға жол ашты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20