30 Наурыз, 2011

Елбасы қабылдады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқор­лықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Қожамжаров Президентке қаржы полиция­сының ағымдағы қызметі туралы баяндады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес – бұл қаржы полициясының негізгі міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмысты едәуір жандандыру қажет. Мемлекет басшысы Қазақстанның міндеті жемқорлық деңгейі анағұрлым төмен мемлекеттер қатарына ену екенін атап өтті. Қаржы полициясы агенттігі шағын және орта бизнестің ісіне араласпауы тиіс. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау жөніндегі шараны күшейту қажет. Кездесу барысында сондай-ақ негізгі міндеті халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін ны­ғай­ту болып табылатын, Үкімет бекіткен 2015 жыл­ға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жө­нін­дегі салалық бағдарлама туралы әңгіме қозғалды. Мемлекет басшысы қаржы полициясы органына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді, көлеңкелі экономиканы бейтараптандыру жөнінде одан әрі шаралар қабылдауды, сондай-ақ эконо­мика­лық саладағы қылмыс түрлерін ырықтандыру және ізгілендіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.