31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №124

415 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2011 жылғы 10 ақпан                                       Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі №1053 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі №1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №38, 327-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде: бүкіл мәтін бойынша: «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мем­лекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлім­шелеріне», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше­лерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4 және 27-тармақтардағы «статистикалық» деген сөз алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «тұтану – азаматтардың өмірі мен денсау­лығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтірмеген бақы­лаусыз жану;»; 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «пайда болған» деген сөздерден кейін «уақытына және» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасындағы өрттердің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіш­терді қалыптастыруға арналған. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебін өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкі­летті органның ведомствосы және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Өртті есепке алу карточкалары мен есептілік нысаны мемлекеттік есептілік құжаттары болып табылады. Өрттерді есепке алу карточкалары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалады. Есептілік нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәуліктің ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкері басқаратын комиссия өрт туралы акт жасайды. Өрт туралы актінің нысанын өрт қауіп­сіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия құрамына заңды тұлға әкім­шілігінің немесе зардап шегушінің, ішкі істер органдарының, сақтан­дыру ұйымдарының, қоғам­дық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін. Өрт бөлімшелері шақы­рыл­маған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелеріне аумақ­тық ол туралы хабар (ауызша немесе жазбаша) зардап шеккендерден, ішкі істер органдарынан, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған сәттен бастап екі тәу­ліктен кешіктірмей сол құрамдағы комиссия жасайды. Актіге комиссия қол қойғаннан кейін ол өрт фактісі бойынша тексеру (анықтау) жүргізген орган­да қалады. Өрттен болған материалдық залалдың сомасы мен оның туындау себебі жөнінде деректер болмаған жағдайда осы мәліметтер 30 тәуліктен аспайтын мерзімде сараптама қорытындыларын не ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарын, сақтандыру ұйымдарының мәліметтерін, сот органдарының шешімдерінен көшірмелерді немесе мүлік иелерінің құжаттарын ұсынғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі залалды өтеу, құжаттарды қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну үшін өтініш бойынша мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұраулары бойынша беріледі.»; 12-тармақта: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезін­дегі түтіндеу және тағамның оны дайындау кезіндегі өрттің пайда болуың тудырмайтын күюі жағдайлары;»; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақта­рындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (жәшіктердегі), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;»; сегізінші абзацтағы «есеп жүргізуге жатпайды.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын: «жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары; авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер; пешпен (каминдермен) жылытудан өлімге әкелген улы газбен адамдардың улану жағдайлары; зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыш-тардың өздігінен тұтану жағдайлары есеп жүргізуге жатпайды.»; 14-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Өрттер мен олардың зардаптары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде өрт кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың барлығы медициналық ұйымдар ұсынатын өлім немесе жарақаттану себебі туралы қорытындылардың негізін­де есепке алынады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толық­тырылсын: «Сот-медициналық сараптама мекемелері бұдан бұрын өрт кезінде қаза болғандар ретінде есепке алынған адамдардың өрт туындаған сәтке дейін қаза болу фактісін анықтаған кезде көрсетілген тұлғалар өрттерді есепке алудың дерекқордан шығарылады.»; 24-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 27-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласын­дағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауысты­рылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К.МӘСІМОВ.