31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №731

488 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2010 жылғы 26 қараша, Астана қаласы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі бекітілсін. 2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту ту­ралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасы м. а. 2005 жылғы 28 ақпандағы № 46 (Нормативтік құ­қықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3487 тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 21 қазанда № 195-196 (929-930) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы­лығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж. Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жария­ланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдің м. а.  Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м. а. 2010 жылғы 26 қарашадағы №731 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Рес­публикасы Орман кодексінің 99-бабына сәй­кес әзірленді және Қазақстан Республика­сының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю үшін пайдалану тәрт­і­бін ай­қындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайда­ла­нылады: 1) гендік орман резерваты – гендік-селекция­лық тұрғыдан алғанда бағалы өсімдіктер түрі, қосымша түрлері бар орман учаскесі; 2) орман пайдалану – орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жө­нінде заңдық және экономикалық тұрғыдан реттелген қызмет; 3) орман пайдаланушы – Қазақстан Рес­публи­касының Орман кодексі белгілеген тәртіп­пен уақытша орман пайдалану құқығы берілген заңды немесе жеке тұлға; 4) орман шаруашылығы саласындағы уәкі­летті орган – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю үшін жарамды алқаптарды анықтау 3. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман ор­на­ластыру жобаларына немесе ерекше қорға­латын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер бел­гiлейдi. 4. Шөп шабу үшін ең алдымен осы мақсатқа жарамды мемлекеттік орман қорының құрамына енетін ауыл шаруашылық жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және орман­дар­ды табиғи және жасанды жолмен қалпына келтіру немесе шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсарту жөнінде басқа да шаралар жүргізу көз­делмеген орман көмкермеген басқа да жерлер, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құн­ды­лығы аз алқаағаштардың жекелеген учаскелері пайдаланылуы мүмкін. 5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шөп шабу мүмкін болатын алқаптарды орман орналастырудың жоспарлау-картографиялық ма­териал­­дарының, сондай-ақ түгелдеу мате­риал­дарының және ормандардың басқа да зерт­теулерінің негізінде орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады. 3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану тәртібі 6. Мал жаюға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде осы Ережеге қосымшаға сәйкес мем­ле­кеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нор­маларына сәйкес рұқсат етіледі, бұл ретте мал жаю үшін учаскелерді таңдау орман жайы­лымдықтарын маусымдық пайдалану мүмкін­дік­тері, жайылым айналымдары және оларға жеткілікті жүктемені ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. 7. Жайылымдық айналымы жайылымдық жер­лерді неғұрлым тиімді пайдалану, олардың шығымдылығын арттыру, топырақтың эрозияға ұшырауын төмендету немесе оны болдырмау мақсатында енгізіледі. Жайылымдық айналымының алқабы: өсу кезеңінің табиғи-климаттық жағдай­ла­рын; жайылымдықтардың бітік өсу, оларға мал жаю деңгейін; эрозияға ұшырау процестерінің ықтимал мүм­кіндігі және нақты байқалуы; жабайы өсетін шөптердің ерекше құнды тұқымдарын жинау мүмкіндігі; «демалыс» берудің қажеттігі, яғни жыл бо­йына мал жаюды, шөп шабуды толық болдыр­мау ескеріле отырып, белгіленеді. 8. Орманды дала мен шоқ ағашты орман­дардың оңтүстік бөлігінде алаңдарды шөп шабу үшін және оның орнын мал жаю үшін пай­даланбаған жөн. Жайылымдықтарды пайдалану­дың негізгі тәсілі үш мәрте және бір мәрте мал жаюды алмастырып отыру болып табылады. 9. Орманды даланың солтүстік бөлігінде төрт кезекті жайылымдық айналым жүзеге асыры­лады. 10. Жартылай шөлейт аймақта екі танапқа екі-үш рет мал жаюды және үш танапқа бір рет мал жаюды алмастырып отыратын бес кезекті жайылымдық айналым жүзеге асырылады. 11. Эрозияға жол бермеу немесе оның ықти­мал мүмкіндігін төмендету үшін мал жаюды жайылымдық айналымының қабылданған жүйе­сі бойынша жүргізу қажет. Эрозияға ұшырайтын жайылымдықтарда мал жаю мөлшерін төмен­дету, ал тым күшті байқалған эрозиялық процес­терде – мүлдем мал жаймау дұрыс болады. 12. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабуға және мал жаюға : 1) биосфералық және сепортер-қорықтарды, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштерін қоса алғанда мемлекеттік табиғи қорықтардың орман­дарында, гендік резерваттарды, аса құнды орман алаптарын қоса алғанда ғылыми маңызы бар орман учаскелерінде; 2) мемлекеттік табиғи қорықтар құруға не мемлекеттік табиғи-қорық қорының, ерекше құн­ды табиғи және басқа да кешендердің объек­тілерін сақтау үшін қалдырылған мемлекеттік мемлекеттік орман қоры учаскелерінде; 3) орман парктерінде, орман жемістері екпелерінде, қала ормандарында, жасыл аймақ­тардың орман паркі бөліктерінде, сумен жабдық­тау көздерін санитарлық қорғау орман­дарында және курорттардың санитарлық қорғау орман­дарында, мемлекеттік қорғаныштық орман жо­лақ­тарында, эрозияға қарсы және субальпілік ормандарда, аса құнды орман алқаптарында, өзен­дер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында, ерекше қорға­латын орман учаскелерінде; 4) орман дақылдары мен фито-орман мелиоративтік екпелер ұшарбасын мал бүлдіріп кету мүмкіндігіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін солардың алқаптарында, орман тұ­қымы және дәрі-дәрмектік плантациялар мен учаскелерде, шырша-қарағай-балқарағай, тал, терек, жаңғақ жемісі және жеміс-жидек плантация­ларында, сондай-ақ орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргізілетін учаскелерде; 5) жас өскін мен өркен ұшарбасын мал бүл­діріп кетуіне жол бермейтіндей биіктікке жеткенге дейін өміршең өркені дамыған табиғи жас өскіндер мен екпелерде; 6) орманды табиғи жолмен қалпына келтіру есебімен ормандарды қалпына келтіру мақса­тын­да ағаш кесуді жүргізу үшін белгіленген екпелерде, сондай-ақ ағашы кесілген жерлерде және табиғи жолмен қалпына келтіруге арналған басқа да орман көмкермеген алқаптарда; 7) жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақ­тар­ды, дәрі-дәрмектік және техникалық шикізат­тарды кәсіп­шілік мақсатта дайындау аймақ­тарында; 8) топырағын су тез шайып және жел ұшырып кететін алқаптарда тыйым салынады. 13. Осы Ереженің 12-тармағына сәйкес мал жаю тыйым салынған учаскелер тізбесін мемле­кет­тік орман қоры жерлерінің жай-күйіне қа­тысты болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен орман ресурстарын дайындау шараларының жоспарларын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын нақтылап отырады. 14. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ешкілерді арнайы бөлінген қоршалған учаскелерде ғана жаюға болады. 15. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқы­ғы Қазақстан Республикасы Орман кодек­сінің 39-41-баптарына сәйкес бөгеледі, шектеледі немесе тоқтатылады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесіне қосымша Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мал жаю нормалары
р/с № Табиғи аймақтар Үй жануарларының түрлері Мал жаю нормалары, 1 басқа га
1 Жартылай шөлейт және шөлейт Қойлар Ірі қара мал (ІҚМ) Жылқы 7,0 7,0 5,0
2 Далалы Қойлар ІҚМ Жылқы 1,5-3,0 1,5-3,0 1,0-2,25
3 Таулы Қойлар ІҚМ Жылқы 0,75-1,5 0,75-1,5 1,0
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6693 болып енгізілді.