31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №468

748 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2010 жылғы  28 қыркүйек, Астана қаласы «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 8-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республи­касында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бас­тауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі бекітілсін. 2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.М.Өмірбаев): 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұ­ратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №659 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы №5096 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2008 жылғы 28 мамырдағы №5 жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жария­лан­ғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр    Б.ЖҰМАҒҰЛОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі  №468 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұл­ғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы ту­ралы», «Босқындар туралы», «Халықтың кө­ші-қоны тура­лы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәй­кес әзірленген және Қазақстан Респуб­ликасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азамат­тығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұра­тын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сында уақытша тұратын тұлғалардың (бос­қындар, пана іздеген адамдар, консулдық ла­уа­зымды тұлғалар, дипло­ма­тиялық мекемелердің қызметкерлері, маусымдық және шекаралас жұмыскерлерден басқа еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азамат­тарымен бірдей құқықтарға ие. 2. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқу мекемелеріне қабылдау тәртібі 3. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұл­ғаларды оқуға қабылдау, олардың оқуын ұйымдас­тыру, білім беру ұйымдарымен қам­тамасыз ету тәртібі олардың ата-аналары және заңды өкілдері Қазақстан Республикасында тұ­рақты және уақытша тұрған жағдайда Қазақстан Республикасының азамат­тары үшін қарасты­рылған жағдайларда жүзеге асырылады. 4. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілі шетелдіктер және азамат­тығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйым­дарына оқуға берген кезінде тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Респуб­ликасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады: шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республи­касында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; босқын – босқынның куәлігі; паналатуды іздеуші тұлға – паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі; оралман – оралман куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы. Аталған талаптар Консулдық қатынастар ту­ралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен кон­сулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды. Қазақстан Республикасында уақытша тұра­тын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон кар­точканың көшірмесін көрсетуі қажет. 5. Білім беру ұйымдарының басшылары Қа­зақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, атал­ған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкіл­дерінен осы Ереженің 4-тармағында көрсе­тілген тұ­ра­тын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар құжат­тарды немесе көші-қон карточкасының көшірмесін талап етеді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкіл­дері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді. 6. Білім беру ұйымдарының басшылары шетел­діктердің және азаматтығы жоқ тұлға­лардың балаларын олардың шет елде алған білім деңгейіне, білімі туралы құжаттарына сәйкес тиісті сыныптарға қабылдайды. Білім туралы құжаттары жоқ болған жағдайда қалалық (аудандық) білім бөлімі комиссия құ­рып, үміткердің білім деңгейін анықтайды. Білім алушылардың қатарына тіркеу комиссияның шешімі негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйры­ғымен жүргізіледі. 7. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер оқу мерзіміне байланысты білімі туралы тиісті құжаттарын алады (негізгі орта білім туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, білім алу деңгейін толық аяқтай алмаған жағдайда – оқу үлгерімі туралы табель немесе білім беру ұйымының мөрімен расталған пәндер бойынша бағалар жазылған сынып журналынан анықтама-үзінді). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6573 болып енгізілді.