31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №330

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы  29 қараша      Астана қаласы «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы №306-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін на­рық­тар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы­ның 13-бабы 1-тармағының 3) тармақ­шасына сәйкес бұйырамын: 1. «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қыз­меттерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активте­рінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қа­рашадағы №306-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3962, «Ресми газеті» газетінде 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (263) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэро­на­ви­гацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсе­тетін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұс­қаулықта: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық банкі қайта қаржы­ландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады;». 2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи моно­полияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұ­мысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұй­рықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін: 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заң­намада белгіленген тәртіппен жариялауды қам­тамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және «Қаз­аэро­на­вигация» республикалық мемлекеттік кәсіп­ор­нының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қа­зақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға     Н. АЛДАБЕРГЕНОВ. КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі ______________________ Ә.Құсайынов. 2010 жылғы 1 желтоқсан Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 31 жел­тоқ­санда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6719 болып енгізілді.