31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №827

418 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 қазан, Астана қаласы Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сот-сарап­тама қызметі туралы» Қазақстан Республи­ка­сының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңының 13-бабына сәйкес, сот-сараптама қыз­ме­тін жетілдіру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық са­рап­таманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацев­тикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қам­тамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық жә­не сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру нұс­қаулығын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 65 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық акті­ле­рінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4559 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған (2007 жыл, сәуір, № 4, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жария­лан­ғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол­данысқа енгізіледі. Министр  С.ҚАЙЫРБЕКОВА. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2010 жылғы 19 қазандағы № 827 бұйрығымен бекітілді Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республи­касындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаң­тардағы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді. 2. Сот-медициналық, сот-психиатриялық жә­не сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру (бұдан әрі – біліктілік) – бұл Қазақстан Республикасында сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сараптаманың қызметін жү­зе­ге асыруға тұлғалар дайындығының кәсіби деңгейін анықтаудың міндетті рәсімі. 3. Жоғары кәсіби деңгейде және сот сарап­тамасы саласында қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республи­касы­ның процессуалдық заңнамасының талаптарына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық жә­не сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру бойынша оған жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық са­рап­шыға біліктілік беру кезінде бағалаудың негізгі критерийі болып табылады. 4. «Қазақстан Республикасындағы сот – сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республи­касы Заңының 12-бабының 1-тармағының та­лаптарына сәйкес келетін тұлғаларға сот-меди­циналық, сот-психиатриялық және сот-нарко­логиялық сарапшысының біліктілігі беріледі. Сот-медициналық сарапшысы – биолог, сот-медициналық сарапшысы – гистолог, сот-меди­циналық сарапшысы – химик-токсиколог біліктілігін беруге арналған емтиханды жоғары оқу орнын бітіргеннен және мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткеннен кейін тапсыра алады. 5. Біліктілікті медициналық және фарма­цев­тикалық қызмет көрсету саласын бақылау мемлекеттік органының (бұдан әрі – мемлекеттік орган) біліктілік комиссиясы береді. 2. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде ұсынылатын құжаттар 6. Біліктілік емтиханынан өту үшін үміт­керлер мемлекеттік органның аумақтық бөлім­ше­леріне мынадай құжаттарды: 1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесін; 3) ұйым басшысының қолы қойылған атқар­ған жұмысы, кәсіби қызметі, көтермелеу болған­дығы туралы мәліметтерден тұратын қызметтік мінездемесін; 4) жоғары кәсіби білімі туралы дипломының нотариалдық расталған көшірмесін; 5) ұйымның кадр қызметі басшысының растаған еңбек кітапшасының көшірмесін; 6) «Қазақстан Республикасы Бас прокурату­ра­сының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы» мемлекеттік ме­кемесінің (аумақтық қағидат бойынша) сот­тылығы болмағаны туралы анықтамасын; 7) медициналық құжаттарды беру мерзімінен бір айдан кешіктірмей психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алынған анық­тамаларды; 8) медициналық қызметпен айналысу құқы­ғына берілген маман сертификатының көшір­ме­сін (медициналық білімі бар тұлғалар үшін); 9) мамандану, біліктілікті арттыру курста­рынан өту туралы ұйымның кадр қызметінің бас­шысы растаған құжаттардың көшірмелерін ұсынады; 7. Мемлекеттік органның аумақтық бөлім­шелері: 1) үміткердің өтініші негізінде үміткерлердің құжаттарын (іс жүргізуші тіркегеннен кейін) қа­былдауды және талдауды жүзеге асырады; 2) мемлекеттік органның біліктілік комис­сиясына біліктілік комиссиясының отырысына дейін 10 күннен кешіктірмей ұсынылған құжат­тардың тізімдерін, пакеттерін, тестілеу нәти­же­лерін тапсырады; 3) үміткерлерге біліктілік куәліктерін береді. 3. Біліктілік емтиханын өткізу 8. Біліктілік емтиханы 2 кезеңнен тұрады: 1) тестілеу; 2) әңгімелесу. 9. Тестілеуді үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады. 10. Тестілеу автоматтандырылған компью­терлік тәсілмен үміткердің таңдауы бойынша мем­лекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Нәтижелер екі данада басылады, оның біреуі үміткерге, екіншісі үміткердің қолы қойылып, тиісті мемлекеттік органның аумақтық бөлім­шесінде сақталады. Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны – 50. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 60 ми­нутты құрайды. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей дұрыс жауаптың 60 %-н құрайды. Тестілеу нәтижелері тапсырған күннен бастап жыл бойы күшінде болады. 11. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, үміткер біліктілік емтиханының келесі кезеңіне жіберілмейді. 12. Мемлекеттік орган әңгімелесуді жүргізу үшін мемлекеттік орган, денсаулық сақтау са­ласындағы ғылым және білім сот сараптамасы ор­гандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері арасынан комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссия құрамы комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға болып мемлекеттік органның өкілі тағайындалады. Комиссия мүше­лерінің саны жеті адамнан кем болмауы тиіс. 13. Комиссияның мәжілісі мемлекеттік орган­ның бірінші басшысы белгілеген мерзімде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі. 14. Аттестаттау комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқанда заңды деп саналады. ңгімелесу үде­рі­сінде сот сарапшыларының кәсіби деңгейі бағаланады. Дауыс беру нәтижелері мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анық­талады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады. 15. Біліктілік емтиханының нәтижелері бо­йынша аттестаттау комиссиясы келесі шешім­дердің бірін шығарады: 1) біліктілік куәлігін сот сарапшыларының мемлекеттік тіркеліміне кейін енгізетін болып беру; 2) біліктілік куәлігін беруден бас тарту. 16. Біліктілік емтиханының нәтижелері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бо­йынша хаттама түрінде рәсімделеді. 17. Біліктілік куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығы түрінде рәсім­деледі. 18. Сот-медициналық, сот-психиатриялық жә­не сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. 19. Біліктілік комиссиясының хатшысы біліктілік куәліктерін берудің тіркеу журналын жүргізеді, сондай-ақ біліктілік емтиханынан өткен адамдарды сот сарапшыларының бірың­ғай тізіліміне енгізу үшін әділет органдарына тиісті ақпаратты жібереді. 20. Біліктілік емтиханынан өтпеген маман біліктілік емтиханын мамандығы бойынша кемінде 108 сағат біліктілікті арттыру курсынан өткен жағдайда, алты айдан кейін қайтадан өте алады. 4. Қорытынды ережелер 21. Біліктілік куәлігін жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган біліктілік куәлігінің көшірме нұсқасын береді. 22. Мемлекеттік органның сот сарапшы­ла­рына сот-медициналық, сот-психиатриялық жә­не сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін жүргізу құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне мемлекеттік органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілікті беру нұсқаулығына 1-қосымша нысаны Мемлекеттік органның төрағасына _______________________________ _______________________________ (мемлекеттік орган) _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)   Өтініш Сізден ________________________________ _____________________________мамандығы бойынша мені сот сараптамасының өндіру құқығына біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын. Мамандығым бойынша жұмыс өтілім ______ ______________________________________ _____________________ (толтырылған күні) _____________________ (үміткердің қолы) Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілікті беру нұсқаулығына  2-қосымша нысаны Біліктілік комиссиясы отырысының 20__ жылғы «____»______________ № ______ хаттамасы 1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________2. Мамандығы ____________________________ 3. Тестілеу нәтижелері ___________________ 4. Әңгімелесу нәтижелері: _________ сұрақтар ______________________________ ______________________________________ жауаптары ____________________________ 5. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің «қосыламын» ______, «қарсымын» _____ дауыс беру нәтижелері шешімін қабылдау 6. Біліктілік комиссиясының шешімі ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ Қолдары: Комиссия төрағасы:___________________ Комиссия мүшелері: ____________________   Комиссия хатшысы: ____________________   Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілікті беру нұсқаулығына 3-қосымша нысаны Сот сараптамасын өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі Осы куәлік _____________________________ _________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _______________________________берілді. Оған___________________мамандығы бойынша сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік берілді. Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20___жылғы «____» №_____бұйрығы Тіркеу №_____ Берілген күні 20___жылғы «___» _________ Біліктілік куәлігін беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы ______________________( _________________) Т. А. Ә. М.О. Берілген орны _____________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 22 қара­шада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6648 болып енгізілді.