31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №2

687 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
2011 жылғы 5 қаңтар                    Астана қаласы Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына сәйкес жә­не Қазақстан Республикасындағы наркологиялық ұйымдардың мәртебесі мен өкілеттігін анықтау мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ереже бекітілсін. 2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы маусымда № 6 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде: 5-тарауда: Мынадай мазмұндағы 335-1 тармақпен толық­ты­рылсын: «335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация ор­талықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазым­да­ры: Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты – уақыт­ша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 тө­сегіне. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталы­ғы­ның меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді»; 339-тармақтың 3 абзацындағы «жасөспірімдер» деген сөз «балалар» деген сөзбен ауыстырылсын; 345-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «345. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін әрбір наркологиялық ұйымға сот-наркологиялық са­рап­шы дәрігердің екі лауазымы. Егер жылына сот-наркологиялық сараптаманың саны 1000-нан асатын болса, онда сот-наркологиялық сараптамашы дәрігер­дің бір лауазымы қосымша енгізіледі»; 349-1 тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен толықтырылсын: «349-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация ор­та­лық­тарының медициналық бике лауазымдары нар­колог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталық­та­ры­ның фельдшерлер лауазымдары нарколог-дәрігер­лер лауазымдарына сәйкес бекітіледі. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталық­та­рының аға медициналық бике лауазымы әр орталыққа бекітіледі»; 355-1 тармақ мынадай мазмұндағы баяндаумен то­лықтырылсын: «355-1.Уақытша бейімдеу және детоксикация орта­лықтарының санитар, санитар-жуындырушы жә­не бақылау бойынша санитар лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталық­та­рының шаруашылық-бикесі лауазымы әр орталыққа бекітіледі»; 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Төлеғалиева А.Ғ.) осы бұйрықтың Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нис­трлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Аталған бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кү­нінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің  міндетін  атқарушы  Б.САДЫҚОВ.   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтар №2 бұйрығымен бекітілген   Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) (бұдан әрі – наркологиялық ұйымдар) профи­лактикалық жұмысты жүзеге асыратын және маман­дандырылған медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ алкоголь және (немесе) психоактивті заттарды (есірт­кі, психотропты заттар, психостимуляторлар, гал­люци­ногендер, ұшпа ерітінділер, темекі) (бұдан әрі – ПАЗ) зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) психоактивті заттарға тәуелді нау­қастарға меди­циналық-әлеуметтік оңалтуды жүзеге асы­ратын ден­саулық сақтау ұйымдары болып табылады. 2. Наркологиялық ұйымдар дөңгелек мөрі мен өзі­нің толық атауы белгіленген мөртабаны бар заңды тұлға болып табылады. 3. Наркологиялық ұйымдардың штаттары денсау­лық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттарға және штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді. 4. Наркологиялық ұйымдар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақ­стан Республикасының заңдарын, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 2. Наркологиялық ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары 5. Наркологиялық ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға сапалы наркологиялық көмек көрсету; 2) республика халқының арасында алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-дың зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастардың таралу үрдісінің дамуын тиімді тежеу және бетін қайтару; 3) ұзақ және тұрақты оңалуға қол жеткізе отырып, алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалту; 4) алкогольден орташа деңгейдегі мас болу жағдайындағы (уыттанған) пациенттерді уақытша бейімдеу және детоксикациялау; 5) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиян­ды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды есепке алу, про­филактикалық бақылау. 6. Қойылған міндеттерге сәйкес наркологиялық ұйым­дар мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар сұраныс­тарына сәйкес наркологиялық көмек көрсетуді (ұсы­нылатын қызмет­тердің қауіпсіздігі, қол жетімділігі, көлемі мен сапалық сипаттамалары бойынша) қам­тамасыз ету; 2) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелділікке құмарту­шылықтың тиімді түрдегі алғашқы профилактикасы (алко­гольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға құмар­лықтың қауіптілігі жоғары топтарына диагностика және қауіптілігі ас­қынған түріне тиімді түзету жасау­ды бірге қоса); 3) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар ауруларының ал­ғашқы білінуі мен кең таралған клиникалық сипатына диагностика жүргізу, наркологиялық көмек бағдар­ламасына қатысуға уәждемелеу; 4) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды меди­циналық-әлеуметтік оңалту уәждемесімен қоса, ал­ғаш­қы наркологиялық көмек бағдарламаларымен толық­қанды қамтуға қол жеткізу; 5) ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жеткізілген пациенттерді емдеуге жатқызу қажеттігі немесе жатқызуға қарсылық білдіру мәселесін шешу мақсатында алкоголь және (немесе) басқа да ПАЗ-дан мас болу (уыттану) деңгейіне диагностика жасау; 6) ұзақ әрі тұрақты ремиссияға және рецидивке қарсы әрі қолдаушы терапия уәждемесіне қол жеткізе отырып, амбулаториялық және стационарлық жағ­дайда алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды тиімді түрде емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту; 7) наркологиялық көмектің соңғы кезеңіндегі ремиссия жағдайында тұрған алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастар арасында рецидивтердің тиімді профилактикасы (рецидивке қарсы және қол­даушы терапия); 8) алкогольді және (немесе) ПАЗ-ды үнемі пай­даланудың мейлінше ауыр асқынулары мен салдарын тиімді профилактикалау (медициналық – коморбидті патологияның дамуы, АИТВ-ны қоса алғанда, мерзімінен бұрын мүгедектену, өлім-жітімділік, әлеуметтік тәртіп нысандарына қарсы әлеуметтік тәртіп үлгісі, қылмыстық белсенділік, күшпен басып алулар, аутоагрессиялар); 9) наркологиялық ұйымның қызмет көрсету аумағындағы алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға нарко­логиялық көмек көрсету жағдайына талдау жүргізу және медициналық көмек сапасының индикатор­ла­рына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген есептік және өзге де құжаттардың статистикалық өңделуінің негізінде баға беру; 10) наркологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық- әдістемелік көмек көрсету. 3. Наркологиялық ұйымдардың құрылымы 7. Өзіне жүктелген қызметтерге байланысты нар­кологиялық ұйымдардың құрылымында мыналар ұй­ым­дастырылуы мүмкін: 1) диспансерлік (емханалық) наркологиялық бө­лімше; 2) балаларға арналған наркологиялық бөлімше (ка­би­нет); 3) жасырын емдеу жөніндегі наркологиялық бө­лімше (кабинет); 4) алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді нау­қас­тардың жіті және жітілеу абстинентті жағдайларын дәрі-дәрмек арқылы емдеуге және уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлы наркологиялық бө­лімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер; 5) медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі); 6) уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы; 7) күндізгі наркологиялық стационар; 8) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі; 8. Аудандық немесе қалалық емханаларда нар­кологиялық кабинеттер жұмыс істей алады. § 1. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше 9. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бө­лім­ше алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға нар­кологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 10. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бө­лімшенің медицина қызметкерлері мыналарды жүзеге асырады: 1) алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тә­уелді науқастарды анықтау, есепке алу және диспансерлік бақылау; 2) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын науқастарды анықтау, есеп жүргізу (көрсеткіштер бойынша); 3) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға ам­бу­ла­ториялық-емханалық көмек; 4) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды емдеудегі сабақтастықты қамтамасыз ету; 5) зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа кіруге, көлік құралдарын басқаруға, суық және оқ-дә­рімен атылатын қару-жарақ және басқаларды иеленуге және пайдалануға рұқсат беру туралы қорытынды шығару; 6) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын сараптау; 7) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу. 11.Наркологиялық көмек көрсету үшін диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше мыналарға ие болады: 1) учаскелік нарколог дәрігерлердің кабинеттері; 2) оңалту бағдарламасы мен психодиагностика бо­йынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыстар жүргізу үшін психологтар мен психотерапевтерге арналған кабинеттер; 3) бөлімше меңгерушілері мен аға мейірбикелерге арналған кабинеттер; 4) жасырын емдеу кабинеті; 5) сот-наркологиялық сараптама жүргізу кабинеті; 6) алкогольге және есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізу кабинеті; 7) консультация беруші дәрігерлердің (терапевт, невропатолог дәрігер және басқалар) кабинеттері; 8) қосалқы бөлімшелер: клиникалық-диагнос­тикалық зертхана, функциялық диагностика кабинеті, сәуле арқылы диагностика жүргізу кабинеті, физио­терапиялық кабинет және т.б. 9) тіркеу орны; 10) мастыққа сараптама жасау кабинеті; 11) ем-шара кабинеті. 12. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бө­лімшенің наркологиялық кабинеттеріндегі нарколог дәрігерлердің, нарколог фельдшерлердің және медби­ке­лердің жұмысы аумақтық принцип бойынша жүргізіледі. § 2. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет) 13. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет) балалар арасындағы наркологиялық ауру­лардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс­ты жүзеге асыратын, алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқас балаларға наркологиялық көмек көрсету хаттама­ла­рына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлім­шесі болып табылады. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет) құрылымында стационарлы төсектер болмаған жағдайда, диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімшенің шағын бөлімшесі бола алады. 14. Балаларға арналған наркологиялық бөлімшенің медицина қызметкерлері мыналарды жүзеге асырады: 1) балалар арасында алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді болу қаупінің өрісі тараған нарколо­гиялық жағдайға және алғашқы профилактикалық ем жүргізу бейіні бойынша қарсы әсер етуге күш салу тиімділігіне мониторинг жүргізу; 2) балалардың ұйымдастырылған топтарында алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді болу бейіні бо­йынша шектен тыс жоғарғы қауіпті топтарды құру және кең ауқымды диагностика жүргізу; 3) балалардың ұйымдастырылған топтарында алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелділікке бейім­ділігінің аса қауіптілерін тиімді түрде түзету; 4) балалар арасында алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді болу мен еліктіру белгілерін белсенді түрде анықтау, қолайлылық диапазонын есепке ала отырып, наркологиялық көмек көрсету бағдар­ламаларына қаты­сушы контингент құрамына уәждеме жасау; 5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты уәждемелі ақпараттандырудың стандарттық алғашқы профилактикалық технологияларын жүзеге асыру; 6) алкогольді және (немесе) ПАЗ-ды зиянды сал­дарымен тұтынуға бейім әрі алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді балаларға диспансерлік және алғашқы прафилактикалық бақылау жүргізу; 7) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқас балаларды емдеудегі сабақтастықты қамтамасыз ету; 8) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиян­ды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді балаларға амбулаториялық-емха­налық, стационарлық наркологиялық көмек көрсету; 9) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 15. Балаларға арналған наркологиялық көмек олар­дың заңды өкілдерінің жазбаша келісімдері арқылы жасалынады. 16. Балаларға наркологиялық көмек жасау үшін наркологиялық бөлімше (кабинет) мыналарға ие болады: 1) науқастарға арналған палата; 2) бөлімше меңгерушісі мен аға мейірбикеге арналған кабинеттер; 3) балалардың участкелік нарколог дәрігерлері кабинеті; 4) оңалту бағдарламасы мен психодиагностика бойынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыстар жүргізу үшін психотерапевт және психолог дәрігерлерге арналған кабинеттер; 5) ем-шара кабинеті; 6) төсек-орын жабдықтары, шаруашылыққа қажетті бұйымдарды сақтайтын орын-жай. 17. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше ере­сек наркологиялық науқастарды емдеуге арналған наркологиялық бөлімшелерден жекелеген кіру есігімен оқшау жайғастырылады немесе жекелеген ғима­ратта орналастырылады. § 3. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлімше (кабинет) 18. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлімше (кабинет) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға нарко­ло­гиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес маман­дандырылған меди­циналық көмек көрсетуші, нарко­ло­гиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 19. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлімшенің (кабинеттің) медицина қызметкерлері мыналарды жүзеге асырады: 1) өз еркімен емделгісі келетін алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұты­натын әрі алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға амбулаториялық-емханалық және стацио­нарлық көмек көрсету; 2) жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлім­шелерде емделуден өткен аурулардың рецидивке қар­сы әрі қолдаушы терапиялық емделуін бақылау; 3) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 20. Емдеу шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін жасырын емдеу наркологиялық бөлімшесі (кабинет) мыналарға ие болады: 1) бөлімше меңгерушісі мен нарколог дәрігердің кабинеті; 2) оңалту бағдарламасы мен психодиагностика бойынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыстар жүргізу үшін психотерапевт және психолог дәрігерлерге арналған кабинеттер; 3) ем-шара кабинеті; 4) науқастарға арналған палата; 5) төсек орын-жабдықтары, шаруашылыққа қажетті бұйымдарды сақтайтын орын-жай. 21. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бө­лімше (кабинет) басқа наркологиялық науқастарды емдеуге арналған наркологиялық бөлімшелерден оқшау­ланған болуы тиіс, осы мақсатта оның жекелеген кіру есігі немесе жекелеген ғимаратта орналасуы тиіс. § 4. Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге, алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлық наркологиялық бөлімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер 22. Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге, алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүр­гізуге арналған стационарлық наркологиялық бөлім­шелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер, оған қоса абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге арналған, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсе­туші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлім­шесі болып табылады. 23. Наркологиялық ұйымдардың жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге арналған алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүргізуге, сондай-ақ науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған стационарлық бөлімшесінің медицина қыз­мет­керлер құрамы мыналарды жүзеге асырады: 1) алкогольді және (немесе) ПАЗ-ды тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық ауыт­қуларға диагностика жүргізу және емдеу; 2) наркологиялық қызметтің амбулаториялық және стационарлық буындары аралығындағы, сондай-ақ емдеуге арналған түрлі бөлімшелерде науқастарға емделу сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша шаралар; 3) профилактика, диагностика мен наркологиялық ауытқуларды емдеу мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға консультациялық көмектер беру; 4) науқастың уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптау; 5) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 24. Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы түзету мен алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүргізетін наркологиялық көмек көрсетуге арналған стационарлық наркологиялық бөлімдер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бө­лімшелер мыналарға ие болады: 1) науқастарды қабылдау бөлмесі; 2) науқастарға арналған палаталар; 3) ем-шара кабинеті; 4) оңалту бағдарламалары мен психодиагностика бойынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыстарды жүргізу үшін психотерапевтер мен психолог дәрігерлерге арналған кабинеттер; 5) бөлімше меңгерушісі мен аға медбикеге ар­нал­ған кабинеттер; 6) дәрігерлерге арналған кабинет; 7) кезекші медицина қызметкеріне арналған кабинет; 8) физиотерапия кабинеті мен функциялық диагностика кабинеті; 9) төсек орын-жабдықтары, шаруашылыққа қажет­ті бұйымдарды сақтайтын орын-жай. 10) асхана. 25. Қажет болған жағдайда, алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастардың жіті және жітілеу абстинентті жағдайларын дәрі-дәрмек арқылы түзету және уәждемелі терапия жүргізу үшін стацио­нарлық наркологиялық бөлімдерде, соның ішінде алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқас­тарды мәжбүрлі түрде тексеруге арналған бө­лім­дерде тәулік бойы бақылау жүргізілетін қосыны бар белсенді бақылау және интенсивті терапия палатасы бөлінеді. 26. Алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды емдеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде бірінші рет келіп түскен емделушілер мен мәжбүрлі тексерілуге және диагнозын анықтау мен емделуші тұлғаларды, сондай-ақ қайта емделуге келіп түскен емделушілерді әртүрлі палаталарда ұстау мүм­кіндігін қарастыру қажет. § 5. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) 27. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) науқастарды медициналық-әлеу­меттік оңалтуға арналған, наркологиялық көмек көр­сету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған меди­циналық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 28. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңал­ту бөлімшесі) алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды емдеуге арналған оңалту мен психикалық түзету бағдарламасын жүзеге асы­рушы наркологиялық стационар ретінде тәулік бойғы күн тәртібімен жұмыс істейді. 29. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) медицина қызметкерлері мына­ларды жүзеге асырады: 1) дәрі-дәрмекпен түзету кезеңінен ойдағыдай өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарда алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділіктен алкоголь және (немесе) есірткіге қарсы тұрақтылықты қалыптастыру; 2) алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарда белгілі-бір өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру арқылы медициналық-әлеуметтік тұр­ғы­дан қолдау және дау-дамай мен қатты күйзеліс кедергілерін жеңіп шығу, төзу әдістеріне үйрету; 3) саламатты өмір салты дағдыларын қалып­тас­тыру, алкоголь және (немесе) басқа да ПАЗ-ды қолданудан бас тарту, күнделікті тұрмыс барысында өз-өзіне қызмет жасау, коммуникация, өзара қарым-қа­тынас, еңбекке араласу және бос уақытты ұтымды пайдалану сияқты жағдайларға жаттығу; 4) медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділіктің қайталануын болдырмау мақсатында және күйзелісті жағдайда уақтылы кірісіп, сондай-ақ оларды меди­ци­налық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінде (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) ұйымдастырылатын оңалту бағдарламаларына тарту арқылы профилактикалық шараларды өткізу; 5) емделушілерді, мамандарды, қоғамдық ұйым­дарды және тұрғындарды оңалту бағдарламаларына қа­тысуға тарту мақсатында, сондай-ақ тәуелді болу дертіне қатысты тұрғындарға ағартушылық шарала­рын жүзеге асыру мақсатында медициналық-әлеумет­тік оңалту жұмыстары жөнінде жұртшылықты ақпа­рат­тандыру; 6) науқастың уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптау; 7) медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімінде (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) емделу кезінде және емделіп шыққаннан соң да көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 30. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі) наркологиялық көмек көрсету үшін мына­ларға ие болады: 1) емделушілерге арналған палаталар; 2) ем-шара кабинеті; 3) бөлім меңгерушісі мен аға медбикеге арналған кабинеттер; 4) оңалту бағдарламалары және психодиагностика бойынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыстарды жүргізуге арналған психологтар мен психотерапевтер бөлмелері; 5) науқастар және олардың отбасы мүшелерімен жеке әңгімелер жүргізуге арналған әлеуметтік қызмет­кер кабинеті; 6) дәрігерлердің кабинеті; 7) кезекші медицина қызметкеріне арналған кабинет; 8) төсек-орын жабдықтары, шаруашылыққа қа­жетті бұйымдарды сақтайтын орын-жай; 9) кітапхана; 10) терапевттік қоғамдастық жиналыстарын жүр­гізуге арналған орын; 11) спорт залы, спорт алаңы: 12) физиотерапия кабинеті мен функциональды диагностика кабинеті; 13) асхана. 31. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімдерінің құрамында, сондай-ақ емдеу-еңбекке баулу шебер­ха­налары, оқу сыныптары, студиялар, спорт секциялары, қосалқы шаруашылықтар құрылуы мүмкін. § 6. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы 32. Уақытша бейімдеу және детоксикация орта­лығы алкогольден мас болған (уыттанған) пациенттерді емдеуге арналған, наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медици­на­лық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құ­рылымдық бөлімшесі болып табылады. 33. Уақытша бейімдеу және детоксикация орта­лығы ішкі істер органдары қызметкерлері немесе азаматтар алып келген наркологиялық көмекті қажет ететін пациенттер үшін наркологиялық стационар ретінде тәулік бойғы күн тәртібімен жұмыс істейді. 34. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталы­ғының медициналық қызметкерлері мыналарды жүзеге асырады: 1) алкогольден мас болудың (уыттану) деңгейіне диагностика жүргізу; 2) уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жағдайында емдеуге жатқызу қажеттілігін немесе емдеуге жатқызудан бас тарту жөнінде шешім қабылдау; 3) алкогольден мас болудың (уыттану) орташа деңгейіндегі пациенттерге наркологиялық көмек жасау; 4) наркологиялық көмек көрсету барысында алкогольге тәуелділік қалыптасқандығы диагнозы қойыл­ған пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасын өтуге уәждеме жасау; 5) наркологиялық көмек көрсетудің сабақтас­тылығын ұйымдастыру; 6) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 35. Азаматтарға олардың келісімінсіз наркология­лық көмек «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес көрсетіледі. 36. Уақытша бейімдеу және детоксикация орта­лығы наркологиялық көмек көрсету үшін мыналарға ие болады: 1) пациенттерді қабылдауға арналған кабинет; 2) ем-шара кабинеті; 3) пациенттерге арналған палаталар; 4) оқшаулау бөлмесі; 5) орталық меңгерушісі мен аға медбике кабинеті; 6) дәрігерлерге арналған кабинет; 7) кезекші медицина қызметкері кабинеті; 8) төсек-орын жабдықтары, шаруашылыққа қа­жетті бұйымдарды сақтайтын орын-жай; 9) ішкі істер органдары қызметкерлері алып келген пациенттердің құжаттары мен жеке заттарын сақтауға арналған бөлме. § 7. Күндізгі наркологиялық стационар 37. Күндізгі наркологиялық стационар алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медици­налық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 38. Күндізгі наркологиялық стационар қызметкер­лері келесі қызметтерді жүзеге асырады: 1) медициналық ұстанымдар бойынша науқастар­ды отбасынан және оларды орнықты шағын-әлеумет­тік орындарынан айырып емдеудің мақсатсыздығы жағдайында наркологиялық көмек көрсету; 2) науқастарды күнделікті тұрмыстық жағдайға үнемі бейімдеуге бағытталған шаралар; 3) көрсетілген наркологиялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 39. Наркологиялық көмек көрсету үшін күндізгі наркологиялық стационар мыналарға ие болады: 1) науқастарды қабылдау бөлмесі; 2) медбикелер кабинеті; 3) науқастарға арналған палаталар; 4) ем-шара кабинеті; 5) оңалту бағдарламасы мен психодиагностика бойынша арнайы жеке және топтық психотерапиялық жұмыс жүргізу үшін психотерапевт және психолог дәрі­герлерге арналған кабинеттер; 6) шығармашылық қызметпен шұғылдануға (сурет салу, көркем және сол сияқты бұйымдарды дайындау) арналған бөлме; 7) төсек-орын жабдықтары, шаруашылыққа қа­жетті бұйымдарды сақтайтын орын-жай. 40. Алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар нарколо­гиялық ұйымдардың негізінде құрылған емдеу-еңбек шеберханаларында өнді­ріс­тік процестермен айналыса алады. § 8 Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім 41.Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім наркологиялық ұйымның ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүр­гі­зуші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 42. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің қызметкер­лері мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен наркологиялық көмек көрсетудің талдаулар мен уәждемелер өткізу стандарттары талаптарын орын­дау; 2) наркологиялық мекемелердің наркологиялық көмек көрсетудегі озық тәжірибелерін, еңбекті ғы­лыми ұйымдастыру және басқарудың, ғылым мен техника жетістіктерін, инновациялық технология­лар­ды практика­лық қызметте оқып-үйрену, қолдану және енгізу; 3) есепке алу құжаттарын, статистикалық есеп беру және талдау, жалпылама есептерді жедел түрде жүр­гізу; 4) тұрғындарға наркологиялық көмек көрсету бо­йынша негізгі ұйымдастыру шараларының жылдық және перспективалық кешенді жоспарларын дайын­дау; 5) профилактика, диагностика, наркология бейініндегі ауруларды емдеу мәселелері бойынша актив жиындарын, кеңестерді, конференцияларды дайындау және өткізуге қатысу. 43.Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім наркологиялық ұйымның ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу үшін мыналарға ие болады: 1) бөлім меңгерушісі кабинеті; 2) статист дәрігерлер кабинеті; 3) медициналық статистика кабинеті. § 9 Аудандық немесе қалалық емханалардағы немесе наркологиялық кабинет 44. Аудандық немесе қалалық емханалардағы нар­кологиялық кабинет алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуші, тұрғындарға қол жетімді медициналық көмек көрсету мақсатындағы, алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 45. Наркологиялық кабинеттің медициналық қыз­меткері мыналарды жүзеге асырады: 1) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсе­туші медициналық ұйымға бекітілген аумақта алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды анықтау, есепке алу әрі оларға диспансерлік және профилактикалық бақылау жүргізу; 2) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын науқастарды анықтау және есепке алу (көрсеткіштер бойынша); 3) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға амбу­латориялық-емханалық көмек көрсету; 4) наркологиялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды емдеудегі сабақтастықты қамтамасыз ету; 5) наркологиялық көмектің тиімділігін талдау. 46. Наркологиялық көмекті жүзеге асыруды қам­тамасыз ету үшін аудандық немесе қалалық емха­налардағы наркологиялық кабинет мыналарға ие бо­лады: 1) динамикалық диспансерлік бақылау жүргізу картотекасы бар науқастарды қабылдауға арналған дәрігердің кабинеті; 2) ем-шара кабинеті. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6744 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар