31 Наурыз, 2011

Дипломмен – ауылға!

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының ауылдарындағы білім беру мекемелері елі­міздің жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген жас мамандармен толығуда. Оның қатарына Целиноград ауда­нының Приречное ауылындағы №22 мектеп те енді. Өйткені өткен күзде осы мектептегі ұстаздар ұжымына 6 жас маман келіп қосыл­ды. Бұлардың ішінде Мақпал Мұ­қа­нова сияқты жас мұғалім де бар. Ол 2010 жылы Еуразия гу­ма­ни­тарлық институтын бітірген соң «Дип­ломмен – ауылға!» ұра­нымен Приречное ауылына келді. Жас маман өзіне тиесілі ын­та­ландыру қаржысына қоса несие алып, үй сатып алыпты. «Ме­нің жұмыс атқаруыма  жақ­сы жағдай жасалған. Мектепте ондаған жыл жұмыс істеген ардагер ұстаздар  келген жас ма­мандарға білгенін үйретіп, қам­қорлық көрсетуде. Әсі­ресе, ұс­таздық тәжірибесі 37 жыл, ал мектеп директоры қыз­ме­тінде 26 жыл істеп келе жатқан Зәуре Дүй­сенбаеваны атап көр­сет­пеу мүмкін емес», – дейді ол. ––––––––––––– Суреттерде: ар­да­­гер-ұстаз З.Дүй­сенбаева жас мамандар ор­тасында; тарих пәнінің оқы­тушысы М.Мұқанова. Суреттерді түсірген В.БАХМУТСКИЙ.