31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №98-НҚ

425 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2010 жылғы 1 сәуір                      Астана қаласы «Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін на­рық­тар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы­ның 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақ­шасына сәйкес бұйырамын: 1. «Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (ба­ға­ларына, алым ставкаларына) уақытша тө­мен­дету коэффи­циент­терін бекіту ережесі тура­лы» Қазақстан Республикасы Табиғи монопо­лия­ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнін­дегі агенттігі төрағасының міндетін ат­қару­шы­ның 2004 жылғы 8 қыркүйектегі №375-НҚ бұй­рығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3092 нөмірмен тіркелген), мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырыпта, 1-тармақта «магистральдық темір жол желісінің» деген сөздерден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объек­тілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын; төменгі сол жақтағы «Келісілген: Қазақстан Рес­публикасы Қаржы министрлігі Салық ко­ми­тетінің төрағасы 2004 ж. 16 қыркүйекте» деген белгі алып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызмет­тері­нің тарифтеріне (бағаларына, алым ставка­ларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде: тақырыпта және барлық мәтін бойынша «ма­гистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызмет­теріне» деген сөздер тиісінше «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттелетіп көрсетілетін қызметтерінің», «магистрал­дық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; барлық мәтін бойынша «магистралдық темір жол желісінің операторы», «магистралдық темір жол желісінің оператормен», «магистралдық темір жол желісінің операторына», «магистралдық темір жол желісі операторының», «магистралдық темір жол желісі операторына» деген сөздерден кейін тиісінше «және концессионер», «және конценсионермен», «және концессионерге», «және концессионердің» деген сөздермен толықтырылсын; барлық мәтін бойынша «Қазақстан Республика­сы­ның Қаржы министрлігі Салық комитетінің», «Қа­зақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін», «Қазақстан Республикасы Қаржы ми­нистрлігінің Салық комитетіне», «Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы министр­лігінің Салық комитеті» деген сөздер алып тасталсын; 7-тармақта: 2) тармақша «желісінің» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен то­лық­тырылсын: «Жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңыз­ды­лығын темір жолмен жолаушыларды тасымал­дауды жүзеге асыратын тасымалдаушыны көрсете отырып, бағытын, құрамдылығын, субсидиялардың сомасын көрсетіп құзыретті орган растауға тиіс»; 14-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-тармақтың екінші бөлігіндегі «он бес» және «он», деген сөздер тиісінше «он» және «бес», деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ және барлық мәтін бойынша «тұтыну­шы», «тұтынушымен», «тұтынушыдан», «тұтыну­шы­ға», «тұ­тынушының», «тұтынушылардың» деген сөздерден кейін тиісінше «және/немесе концессионер,», «және/немесе концессионермен», «және/немесе концессионерден», «және/немесе концессионерге», «және/немесе концессионердің», «және/немесе концессионерлердің» деген сөздермен толықтырылсын. көрсетілген Ереженің 1-4 қосымшаларда «Қазақ­стан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төр­аға­сының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі №375-НҚ бұйрығымен бекітілген» деген сөз алып тасталсын және «магистральдық темір жол желісінің» деген сөздерден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объек­тілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында: тақырып және барлық мәтін бойынша «магистарлдық темір жол желісі» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ереженің 4-қосымшасының тақырыбы: «операторы» деген сөзден кейін «және концессионер» деген сөзбен толықтырылсын; «желісі» деген сөзден кейін «және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың» деген сөздермен толық­тырылсын; 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополия­ларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқара­лық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монопо­лия­ларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімше­лері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақ­стан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдай­бергеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күні­нен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға   Н. АЛДАБЕРГЕНОВ КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі _______________ Ә. Құсайынов 2010 жылғы «___» _______________ КЕЛІСІЛГЕН: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Жәмішев 2010 жылғы «___» ________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6184 болып енгізілді.