31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы №470

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 22 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы “Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде  хабарлау қағидасы 1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақ­ты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау туралы осы қағидасы Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматтық әуе кемесін пайда­лану­шы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы уәкі­летті орган белгілеген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабар­лаудың тәртібін реттейді. 2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация сала­сындағы уәкілетті органға осы Қағидаға қосым­шаға сәйкес нысан бойынша Хабарландыру жолдайды. 3. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы әрбір орындаған тұрақты емес халықаралық ұшуға бөлек Хабарландыруды рәсімдейді. 4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация сала­сын­дағы уәкілетті органға келесі есептік кезең­дегі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын Хабарландыруды сілтеме хат арқылы жолдайды. 5. Хабарландырудың нысанындағы 6-тар­мақта ұшу мақсатын анықтау кезінде пайда­ланушы мыналарды: 1) жолаушылар рейсін орындау кезінде – жолаушылар санатын (ресми делегация; туристердің ұйымдастырылған тобы; жеке мақсаттағы чартерлік рейс немесе қызметтік іссапар; мамандандырылмаған жолаушылар тобын тасымалдау), сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын); 2) жүк рейсін орындау кезінде – жүктің, жүк жөнелтушінің, жүк алушының сипатын, сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын); 3) жолаушыларсыз және жүксіз рейсті орындау кезінде – техникалық ұшуды көрсетеді. Әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасы бар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген күн көрсетіледі. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасына қосымша Нысан Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға халықаралық тұрақты емес ұшуды орындағаны жөніндегі хабарландыруы 1. Пайдаланушының атауы ______________________________________ 2. Рейс номері (егер ұшу әуе кемесінің тіркелген нөмірі бойынша орындалса – әуе кемесінің тіркеу нөмірін көрсету) ________________________ ____________________________________________________________________ 3. Әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі ______________________________ 4. Көрсетілген нөмір рейсіндегі ұшудың толық авиабағытын (әуе кемесінің тіркелген нөмірі) ____________________________________________ ____________________________________________________________________ 5. Ұшу және қону күні __________________________________________ 6. Ұшу мақсаты ________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6644 болып енгізілді.