20 Қаңтар, 2017

Әлем назары – Астанада

428 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Astana-Expo-City-2017-by-Adrian-Smith-Gordon-Gill-Architecture-6ЭКСПО-ға дайындық жұмыстары бүгінде соңғы шегіне жақындап қалды. Қазір халықаралық павильондардың құрылысы толығымен аяқталып, оларды көрме қатысушыларына табыстау басталды. Бұдан басқа, коммерциялық павильондар мен Қоғамдық коммуникациялар орталығының құрылысы аяқталды. Онда Бірыңғай қызмет көрсету орталығы, Аккредиттеу орталығы және Медиа-орталық орналасқан. Өткен жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптамадан 11 нысан өтті. Бұл шараға қазіргі таңда төрткүл дүние назар аударып отыр. Мәселен, «The New York Times» газетінің 2017 жыл­ға жасаған рейтингінде де Астанадағы ЭКСПО аталды. Ба­сылымның жазуынша, 2017 жылы баруға кеңес бере­тін орындар қатарында Аста­на­дағы ЭКСПО көрмесі де бар. Америкалық басылым сая­хатшыларға 52 бағыт ұсын­ған. Бұл рейтингте ЭКСПО ха­лық­аралық мамандан­ды­рылған көрмесі өтетін Астана қаласы 26-орында тұр. «2017 жылы Қазақстан аста­насында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Көр­менің тақырыбы – «Бола­шақ энергиясы», деп жазыл­ған басылым материалында Астанада соңғы жылдары ашыл­ған таңғажайып мейман­ха­н­алардың көптігі де айтылыпты. Қазіргі таңда Астанадағы ЭКСПО аумағында павильон­­дарды халық­аралық қаты­сушыларға беру жұмыстары жүр­гізілуде. Тіпті, Беларусь, Вен­грия, Гер­мания, Қытай, Ресей, Сингапур, Түр­кия, Фран­ция, Иордания сияқты мем­­лекеттер павильондарын жаб­дықтау жұмыстарына кірі­сіп те кетті. Сонымен қатар, қатысушыларға тұр­ғын­­жай­ларды беру де басталды. «Еxpo2017astana.com» ақпа­раттарына сүйенсек, комиссарлардан 324 өтінім түскен. Бұл тұрғынжайлар өтеусіз емес, қонақтар тұрған уақытына жалдау ақысын төлейді. Көрмеден кейін олар қазақстандықтарға өткізілетін болады. Сөйтіп, елордамыздың тұрғын үй қоры 4 400 заманауи жайлы пәтермен толығады. Бір жылдың ішінде ЭКСПО аясында 1 млн шаршы метр тұрғынжай салынған. Негізінен ЭКСПО дағ­да­­рысқа қарсы жоба деп ба­ға­ланған. Мәселен, отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін барлық облыстардың әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Нәтижесінде, бүгінде 322 отандық тауар өндірушілер тартылған, жалпы сомасы 48,9 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды. Қорытындысында жоба бүкіл Қазақстан бойынша 50 мыңдай жұмыс орнын құрып, сақтауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, демеушілік қаржы ретінде 126 млн еуро, сонымен қатар, инвестиция ретінде 211 млрд теңге тартылған. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жыл қорытындысына арналған Қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді. Қазіргі уақытта 18 халық­аралық ұйым және 112 ел көрмеге қатысатындықтарын растаған, олардың 108-і өз комиссарларын тағайындады. 94 келі­сімшартқа қол қойылды. 75 ел ұлттық күндерін өткізетін уақыттарын алдын ала белгілеп, Ұлттық павильондардың 89 тұжы­рымдамасы алынған. Сон­дай-ақ, көрмені халық­ара­лық деңгейде насихаттау, жетіл­діру, билеттер сату, турис­тер тарту және еріктілерді дайын­дау бойынша жұмыстар жүр­гі­зілуде. Ал Халықаралық қатысу­шы­лардың кезекті кеңе­сін өт­кізу алдағы ақпан айына жоспарланған. Жақында Біріккен Араб Әмір­ліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында «Астана ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО Дубай-2020» арасында ынты­мақ­тастық меморандумына қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО Дубай-2020» бюросының атқарушы директоры Наджиб Мохаммед әл-Әли қол қойды. Құжаттың қол қойылуы БАӘ-ге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ресми іссапары және Әбу-Дабидегі «Болашақ энергиясы» бүкіләлемдік 10-шы мерейтойлы саммит аясында жүзеге асты. Меморандум аясында екі жақ 2017 жылы Астанада және 2020 жылы Дубай қала­сында өткізілетін ЭКСПО көр­мелеріне дайындық барысында өзара қолдау көрсетуге келісті. Сөйтіп, халықаралық дәрежедегі көрмені ұйым­дас­тыру мен өткізудегі тәжірибе мен білім алмасу мақсатында екі жақ арасында арнайы жұмыс то­бы құрылмақ. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»