20 Қаңтар, 2017

700 мың кесе сүтті шай дайындалады

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Универсиада күндері спорт делегациялары мен волонтерларға арнап шама­мен 700 000 кесе сүтті шай дайын­далмақ.   Осыған дейін де Универ­сиа­даның ұйымдастыру коми­теті ойындарды өткізуге барын­ша аз бюджеттік қаржыны жұм­сау­ды өз алдына міндет етіп қой­ғаны айтылып келді. Оған қоса, жоспарланған бюджет ұйым­дастыру жұмыстары басталғалы бері екі есеге дейін дерлік қыс­қартылды. Ал отандық бизнес өкілдері арасынан демеушілер мен серіктестерді тартудың арқа­сында кезектегі бірқатар шығын­дарды төмендетуге мүмкіндік пайда болуда. Бұл туралы «2017 жылғы Ал­матыдағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ аппарат басшысы Дидар Сағадиев былай дейді: – Аса ауқымды спорт іс-шара­ларын өткізу кезінде серік­тес­тер мен демеушілерді тарту – бүкіл әлемде кең таралған тә­жі­ри­бе, ол бизнеске бірегей мар­ке­тингтік мүмкіндіктерге жол ашып, ұйым­дас­тырушыларға шығын­да­рды айтарлықтай оңтай­лан­дыру­ға мүм­кіндік береді. Уни­вер­сиада­ның сәтті өтуі үшін қосыл­ған кез келген көмек аса маңыз­ды, сон­дық­тан, біз осы айтулы оқи­ғаның дайындығына бизнестің белсенді атсалысып отырғанын құптаймыз. Сонымен, сәрсенбі күні Алма­ты­дағы XXVIII Дүниежүзілік қыс­қы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирек­ция «RGBrands Kazakhstan» ком­па­ния­сымен ынтымақтастық тура­лы мәмілеге қол қойды. Атал­ған мәміле аясында компания Ун­и­­вер­­сиада спортшыларын, волон­­тер­­ларын, төрешілерін, бапкерлерін, БАҚ өкілдері мен басқа да қатысушыларды ыстық шаймен қамтамасыз ету үшін «Пиала Gold» қара және көк ша­йын, сондай-ақ, 100% таби­ғи ультра­пас­терленген «МОЁ» сүті­­нің 14 мың литрін ұсынады. Ұсы­­ныл­­ған өнімдерден 700 000 кесе сүт­ті шай дайындалады деп күтілуде. «Біз Универсиаданың қысқы суық күндері қонақтарымыз тұла бойды жылытып, сергектік сыйлайтын, жарыстар арасындағы үзілісте ерекше рахатқа бөлейтін қазақтың қою қара шайынан дәм татып көрсе дейміз», – деді БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен мәміле аясында «RGBrands Kazakhstan» ЖШС бас директоры Тимур Қалтаев. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ